Путин Қазақстан территориясын кімнен қорғамақ?

 

Ресей өз одақтастарының мемлекеттік шекарасын
қорғауға дайын тұруы тиіс деді Ресей президенті Владимир Путин Федеральдық
қауіпсіздік кеңесі коллегиясының жиынында.

«Ауғанстаннан халықаралық күштерді шығару – барлық Орталық
Азия елдері мен біздің одақтастарымыз бен әріптестерімізді тұрақсыздыққа
бастауы мүмкін.Ресей олардың мемлекеттік шекарасын қорғауда оларға қажетті
барлық көмекті көрсетуге дайын болуы тиіс. Бізде ондай бірлескен жұмыстың
тәжірибесі жетеді», – деген ол. Ол Ресей, Қазақстан және Беларусь
шекарашыларының өзара іс-қимылдарын жоғары бағалаған.

“Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестер
біртіндеп дами беретін болады. Кедендік одақты кеңіту күн тәртібінде тағы да
бір саты жоғары интеграциялық деңгейге көтерілу кезеңі тұр. Ол – Еуразиялық экономикалық
одақы құру. Бұның барлығы біздің мемлекеттердің шекара қызметтерінің бірлесе
қимылдауының жаңа талаптарын туғызып отыр”, – дейді Путин.

Беларусьтік «Новая Нива» (www.nn.by) сайты Путиннің бұл мәлімдемесін «Путин
Қазақстан мен Беларуське әскер енгізуге сылтау тапты» деп бағалапты. Қазақстан ақпарат
құралдары тек ақпараттық сипатта хабар таратқаны болмаса, бұның астарына үңіле
қоймады.

Украинаны бөлшектеу саясатын «сәтті» жүзеге асырған
Путин, посткеңестік елдерді өз уысынан шығармаудың қитұрқы жолдарын
іздестірумен әлек. Оның ең басты көзірі – Кедендік одаққа енген Белоруссия мен
Қазақстан. Оларды тырп еткізбестей етудің әртүрлі амалдарын ойластырған Ресей
бүгінде өзге халықаралық ұйымдарға мүше болуын да құптамайды. Әлі күнге дейін
Қазақстанның Дүниежүзі сауда ұйымына енуіне Ресейдің тікелей бөгет болып
отырғаны анық Енді бұртұтас әуе күштерін құру мен ұжымдық қауіпсіздік ұйымына
мүшелігімізді сылтау етіп Қазақстан мен Беларусь аумағына Ресей әскерилерін
енгізу ғана қалған еді. Енді осыдан былай бір экономика ғана емес, бір әскер
жасақтауға көшетін шығармыз.

Back to top button