«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИСЛАМНЫҢ РӨЛІ»

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИСЛАМНЫҢ РӨЛІ»

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ  ИСЛАМНЫҢ РӨЛІ»
ашық дереккөзі

Жуырда ҚР Дін істері агенттігі «Орталық Азиядағы исламның рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Негізгі мақсат – Орталық Азиядан шыққан мұсылман ғалымдардың еңбектерін саралау, Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени және рухани тұрғыдан дамуындағы Исламның ықпалын талқылау. Конференция жұмысына бірқатар теологтар, дінтанушылар, ғалымдар, Түркия, Египет, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларынан келген шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. Атап айтқанда, конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстанның Бас мүфтиі Ержан Маямеров, Қырғыз Республикасы Дін істері мемлекеттік комиссиясының директоры Орозбек Молдалиев, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Дін істері, ұлттық салт-дәстүр, салтанаттар мен әдет-ғұрыптарды реттеу комитетінің төрағасы Абдурахим Холиков, Ресей ислам университетінің ректоры, Ресей Федерациясының саяси ғылымдар докторы, профессор Рафик Мухаметшин, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлі, Түркия Республикасы Анкара университетінің профессоры, доктор Кутлу Сонмез және Египет Араб Республикасы Каир мемлекеттік университетінің профессоры Фуад Махмуд баяндама жасады. 

А.Құрманалиева,  Қ.Бағашаров