"ҚОСМЕКЕНДІНІҢ" ҚОЛТАҢБАСЫ: ӘРІ СУРЕТШІ, ӘРІ ЖУРНАЛИСТ ЕРКІН НҰРАЗХАН... ЖӘНЕ "ТҮРКІСТАН"

«Түркістанда» табан аудармай 8 жыл қызмет атқарған. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік ахуалдарға арналған сатиралық суреттерімен қатар журналистік жазбаларымен де оқырмандарға кеңінен танылды.