«СІЗДЕР ЖАН-ДҮНИЕСІ СҰЛУ ҰЛТСЫЗДАР!»

«СІЗДЕР ЖАН-ДҮНИЕСІ СҰЛУ ҰЛТСЫЗДАР!»

«СІЗДЕР ЖАН-ДҮНИЕСІ  СҰЛУ ҰЛТСЫЗДАР!»
ашық дереккөзі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі Қазақстандағы діни білім беру жүйесі: жағдайы және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

Конференцяда діни және дінтанулық білім беру жүйесінің мәні мен маңызы, ерекшелігі және шетелдік тәжірибе туралы; дінтанулық білім беру жүйесінің конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайтудағы мәні, квалификациясы жоғары дінтанушы мамандарды қайта даярлау мен дайындау мәселесі сияқты негізгі бағыттары қарастырылды. 

Жиында дінтану және мәдениеттану кафедрасында лекция оқып жүрген танымал мәдениеттанушы-антрополог ғалым, Америкадағы Лойола университетінің (Чикаго) профессоры Кэтлин Мэри Адамс қатысып, сөз сөйледі. 

Ол: «Мен Қазақстанда алғаш рет болуым. Алматы қаласының сұлулығы, адамдардың мейірімділігі мен жомарттығы мені таңқалдырды. Сіздерде Құдайға жақын, ар-ұяты жоғары адамды «иманды адам» деп айтады екен. Мен қазақтардың өте парасатты, өте мәдениетті, өте білімді халық екеніне көз жеткіздім. Табиғаты сұлу жердің адамдарының жандүниесі сұлу болмауы мүмкін емес. Қазақтар, сіздер жандүниесі сұлу, мейірімді ұлтсыздар. Мен Қазақстанға келмес бұрын, Қазақстан туралы, Қазақ Ұлттық университеті туралы интернеттен көптеген ақпарат оқып білдім. Қазақстан – қазір әлемдік деңгейдегі үлкен жетістікке жеткен мемлекет болса, ҚазҰУ – Азиядағы ең танымал университет екен. Мен әлемнің көптеген елінде болып, танымал университеттерде лекция оқыдым. Сіздердің университеттеріңіз ғимараттарының әдемілігімен ғана емес, оқытушылары мен студенттерінің интеллектісінің жоғарылығымен, мәдениетімен өте ерекшеленіп тұрады. Мен бұған университет ұжымымен жақын араласып көз жеткіздім»,– деді ол. 

Конференцияда Ә.Масалимова, А.Құрманалиева, Н.Байтенова, Махфуз, Б.Сатершинов, Г.Надирова, А.Лұқпанов, А.Альжанова, Ш.Қалиева баяндама жасады.

Сондай-ақ, жиынға ғалымдар, Ph.D докторанттар мен магистранттар қатысты.

Айнұр ҚҰРМАНАЛИЕВА,

ҚазҰУ-нің профессоры, 

 Тоты СЕРІКБАЙҚЫЗЫ,

 ҚазҰУ-нің Ph.D докторанты