ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!
ашық дереккөзі

Түбі бір түркі жұртының ғұлама қаламгері, аузы дуалы, сөзі уәлі Қалтай Мұхамеджанов «Түркістан» ұғымының кең мағынаға ие екенін, оның екі дүние есігі, ер түркінің бесігі екенін айтып қана қоймай, насихаттау мақсатында халықаралық «Түркістан» газетінің іргесін қалап, қазақ руханиятына тың серпін әкелді. 

Ауыр замандар ауысқанда алыстаңқырап кеткен түркі миллетінің бірлігін қайта жаңғыртуды аңсаған сұңғыла ағамыздың арманының орындалуы жолында «Түркістан» апталығы аянбай еңбек етіп келеді. Түркі халықтарының тарихи тамырластығын жан-жақты көрсету, рухани-мәдени байланысын күшейту жайы бұл газеттің назарынан тыс қалған емес. Ана тіліміз бен ата дініміз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, тарихымыз бен келешегіміз әуел бастан «Түркістанның» ауқымды тақырыбы болып келе жатқаны белгілі. 

Қадірлі «Түркістан» газетінің ұжымы, жиырма жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын! Алты алашқа аты шыққан басылымның түркі халықтарының руханиятындағы абырой-беделі асқақтай берсін, таралымы артып, тамыры тереңге тарта берсін. Шығармашылық табыстарыңыз мол болсын! 

Игі тілекпен,  

Шығыс Қазақстан облысының әкімі 

Бердібек Сапарбаев