«Өзге елдің сұлтандары» билеген заман ба?

«Өзге елдің сұлтандары» билеген заман ба?

«Өзге елдің сұлтандары» билеген заман ба?
ашық дереккөзі
342

Бүгінге дейін Қазақстанда жағдайы жақсы, заңдық тұрғыда қорғалған бір қауым ел бар. Ол – инвесторлар. Олардың құқына ешкім шек келтіре алмайды, қазақ жерін басып жүруіне де ешкім тыйым сала алмайды. Керісінше біз оларға жайлы өмір сүру үшін түрлі жеңілдіктер жасап келеміз. Себебі ел экономикасын көркейту, экспорт пен тауар айналымын, өндірісті дөңгелетіп отырған осы инвесторлар. Сондықтан да әрбір облысқа шетелдік инвестор тарту туралы арнайы тапсырма да берілген. 

5cdc5fca56d436ad02b25e0a67320197.jpg 

  Неліктен? Түптеп келгенде Қазақстан үшін, өз пайдасы үшін жұмыс істейтін трансұлттық компаниялар өз отанын да пайдасы болмаса, ысырып ұоюға әзір. Олар тек өз құлқыны үшін жұмыс істейтіндер. Десе де инвесторларға, шетелдік жұмысшыларға, сондай-ақ трансұлттық компаниялардың қызметкерлеріне айрықша көңіл бөлінеді. Мәселен, жуырда Министрлер кабинетінің отырысында шетелдік инвесторларға қолдау көрсетудің қосымша шаралары қаралды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев бұл туралы тарқатып айтып берді. Оның айтуынша, қандай да бір нысанды іске қосқаннан кейін қаржы шығындарының 30 пайызы мемлекет тарапынан өтеледі. Инвесторлар 10 жылға дейін корпоративті табыс салығынан босатылады. Ал ұлттық холдингтер мен мемлекеттік мекемелер инвесторлардың тауарларына ұзақ мерзіміді тапсырыстар беруі тиіс. Ау, сонда отандық шағын әне орта кәсіпкерлікті дамытуды қайда қалдырамыз? Сонда шетел экономикасын дамыту ұлттық компаниялардың мойнына жүктелгені ме? Одан да шағын кәсіпкерлердің тауарын алуғаміндеттеп не болмаса экспортқа шығарып беруді неге жүктемеске?

  Сонымен қатар салық, көші-қон және экология саласында нақты тарифтер енгізілуі шарт. Осы мәселелерді өзіміздің бизнес ашуға талпынған қарапайым халыққа дайындап, әкімшілік жұмыстарын азайтып берсе, нұрс үстіне нұр болар еді. Инвесторларды жоғарыда аталған жеңілдіктермен қамтысақолармен жұмыс істеудің “бір терезе” қағидаты шыға келмек. Өзгенің көсегесін көгерту деген осы шығар, сірә. Ол аз десеңіз, нысанды пайдалануға бергеннен кейін бір жыл бойы шетел мамандарын үкіметтік квотаға қарамай, шақырта беруге рұқсат етуі әбден мүмкін.

  Бүгінге дейін жақын шет елдердің (Қырғызстан, Моңғолия және т.б.) азаматтары Қазақстанға 90 тәулікке визасыз кіре алады. Ал алыс елдердің азаматтары үшін мұндай мүмкіндік берілмегені белгілі. Алайда министр: «Дамыған мемлекеттердің азаматтары үшін визасыз 90 тәулікке дейін Қазақстанда жүруге рұқсат беру ұсынылып отыр. Біздіңше, ондай жеңілдікті Қазақстан экономикасына қыруар қаржы салып жатқан ірі инвесторларға беру керек. Сосын шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мерзімін ұзарту мен инвесторлардың құқығын қорғайтын омбудсменді енгізу мәселесі қаралды. Үкімет бұның барлығын қолдап отыр», – деді министр Ерболат Досаев.

  Меніңше, бұдан артық жақсылықтың болуы мүмкін емес. Қазақтың бай жер қойнауынан тиынға сатып алған пайдалы қазбаны шетелдік нарықта қыруар қаражатқа сатып, өзі де азғантай баз салығын саудалап отырған шетелдік компаниялардың жағдайы жақсы-ақ. Олар үшін Қазақстан – батпанқұйрық сияқты. Осындайда шетелдік араны ашылған шетелдік компанияларға «Сіз үшін тағы не істей аламыз?» деп отырғандаймыз.

Серіктес жаңалықтары