КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

КӨКТЕМГІ  ЕГІС НАУҚАНЫ  БАСТАЛДЫ
ашық дереккөзі

Ақмола облысы республиканың ауыл шаруашылығындағы көшбасшы аймақтардың бірі. Жыл сайын егіс алқаптарынан алынатын өнімнің басым бөлігін осы облыс беріп келеді. Былтыр Ақмола облысы 4,7 миллион тонна астық жинаған болатын. Егіс өнімділігін арттыру үшін заманауи суару технологиялары қолданылды.

Жалпы, ресми көрсеткіштерге сәйкес, облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерінің жиынтық көлемі 237,3 миллиард теңгені құраған, оның 175,7 миллиарды өсімдік шаруашылығына, ал 61,2 миллиарды мал шаруашылығына қатысты. 

Соңғы бес жылдық нәтижесінде астық көлемі аймақта жылына орта есеппен 4,6 миллион тоннаны құрайды, ал жылдық астық экспорты орта есеппен 1,7 миллион тоннадан асады.

Биыл мамандар ауа райының мол астық алуға қолайлы, жайлы болатынын болжап отыр. Биылғы егіс алқабының көлемі 5 миллион гектарды құрауы мүмкін, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 35,6 мың гектарға артық. 

Көлбай ЖЕҢІС

Астана