Әлемдік бестселлер «ҚАЗЫНА» қазақ тілінде:

Әлемдік бестселлер «ҚАЗЫНА» қазақ тілінде:

Әлемдік бестселлер «ҚАЗЫНА» қазақ тілінде:
ашық дереккөзі

Кітап ҚР Ұлттық
Банкі Төрағасы Қайрат Келімбетовтің редакциямен жарыққа шықты

VII Астана Экономикалық Форумының аясында Астанада энергетика, мұнай жөніндегі
аса белгілі сарапшы Дэниел Ергиннің «ҚАЗЫНА: Мұнай, ақша және билік үшін күрестің
бүкіләлемдік тарихы» кітабы қазақша нұсқасының тұсаукесері өтті.

Автордың өзі тұсаукерге арнайы келді.

Кітап1991 жылы жарық көрген.
Автордың айтуынша кітапты жазуға 7 жыл тер төккен. Әлемдік мұнай өнеркәсібінің
1850-1990 жылдар аралығындағы тарихын, демек, мұнайдың адамзат тарихындағы өзінің
аса қажетті ресурс ретіндегі орнын енді ала бастаған кезеңнен баяндайтын кітап
17-тілге аударылған. Қазақ тілі – 18  тіл.

8ba1653e68991e76d8852ac7ba4dc09d.JPG

ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Қайрат Келімбетов бұл дүниемен танысып шыққаннан
кейін оны қазақ тіліне аудару идеясын ұсынған екен. Жалпы идеяның жүзеге асуы 2-3
жылды алған. Кітап аса ауқымды. Ол бойынша 6 сағаттық деректі фильм түсірілген.
АҚШ-та және әлемде бестселлерге (өте көп көлемде сатылған) айналған. Мазмұны
аса бай. Жалпы, «Қазына» байлық пен билік үшін күресті сипаттайды, ол күрес
ондаған жылдар бойы мұнай өндірумен қабаттаса жүргенін түйсінесіз, мұнайдың әлемдік
экономиканы, әрі жекелеген адамдар мен тұтас мемлекеттер тағдырын талай етер жаһандық
текетірестің мәңгілік қоздырушысы, оны сілкіп отыратын күш болып қала беретінін
аңдайсыз.

Кітапта жүздеген
тарихи кейіпкер көрініс табады. Бұлар – Рокфеллер, Нобельдер мен Ротшильдтер
отбасылары, Черчилль, Рузвельт, Трумэн мен Эйзенхауэр, Насер мен Саддам Хусейн,
Сауд Арабиясының корольдері Ибн Сауд пен Фейсал, Иран шахы Реза Пехлеви, Кувейт
Әмірі, Михаил Горбачев және тағы басқалар.

Кітап авторы өз
кітабының тұсаукесері кезінде «Бұл дүние Қазақстанға энергетика саласы бойынша қажетті,
дұрыс шешім қабылдауға көмектесер, әрі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өз елдерінің
ХХІ-ғасырдағы рөлі
туралы ойлануға ықпал етер
деп
ойлаймын» дейді.

Тұсаукесер
кезінде Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов Дэниел Ергиннің ғаламдық
консультант екендігіне тоқталды. «Мұнай ісіне қатысы бар мемлекеттердің көбісіне
консультация жасаған Ергин, посткеңестік елдер, оның ішінде Қазақстанға да маңызды
ақыл-кеңес берді, Қазақстанның соңғы 20 жылда мұнай державаларының біріне айналғаны
мәлім, ел әлемде мұнайымен танымал ғой», – дейді ол.

Жалпы, кітаптың ағылшынша
атауы “The Prize”. Қазақша тәжімалағанда біраз ұсыныстар болған. «Алдымен «Дәулет»
деген атты таңдадық, кейін келісе келе «Қазына» деген атқа тоқталдық, қай сөзді
алып қарасаңыз да, мағынасына сай, қазақ тілі аса бай тіл ғой» дейді
Келімбетов.

Тұсаукесерге қатысқан
Парламент депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Нұрлан Оразалин «Махамбеттің, Абайдың, Мұхтар
мен Ғабиттің, Мұқағалидің тіліне аударылған бұл кітап рухани дүниемізге олжа, қазына
болып отыр» дейді. Қуаныш Сұлтанов «Олжа» деп атағанда қалай болар еді» деген
пікірін қосты. Тілдің әрқырлылығы бұл арада да көрініс тапты.

Кітап әзірше 2000
данамен жарық көріп отыр. Шығарушысы «Раритет» баспасы. Демеушісі – «ҚазМұнайгаз»
компаниясы. 

“Түркістан-ақпарат”