СТУДЕНТТЕН ПАРА АЛАСЫЗ БА?

СТУДЕНТТЕН ПАРА АЛАСЫЗ БА?

СТУДЕНТТЕН ПАРА АЛАСЫЗ БА?
ашық дереккөзі
269

 Жоғары оқу орындарындағы жемқор мұғалімдер құрықталады
Қаржы полициясы Шымкент жастарымен бірігеп «Парасыз сессия» шарасын өткізуде. Бұл шараның маңыздылығы сол, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындарында студенттерден пара алуға құмар оқытушыларды құрылтауға арналған. Әрбір университет, колледждердің ғимараттарына арнайы жәшіктер қойылып, студенттерден шағым хат не ұсыныстар жиналады. Әлбетте, ешкім аты-жөнін не өзі туралы мағлұматты көрсетпеуге қақылы. Парақор оқытушыдан зәбір көрген жастар мұғалімдер соңына шам алып түспес үшін жасырын арызданғанды қалайтыны анық.
«Шымкент студенттерінің альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Мағжан Исаханов: «Жәшктер жоғары оқу орындары оқытушыларынан қысым көрген немесе пара алған мұғалімдердің қылмысына куә болған, бірақ ашық айтуға қорқатын студенттердің шағымын жинау мақсатында қойылды», – дейді.
Бір қызығы, сауалнама жүргізілген сәтте студенттер бірауыздан сеесияны өз күштерімен тапсырғанын айтады. Алайда, қаржы полициясы ұйымдастырған шара барысында парақор мұғалімдердің үстінен шағым айтқан хаттар толас табар емес. Мәселен, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап 1500-ден астам хат қордаланыпты.
Өкініштісі сол, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бірнеше рет реформаға ұшырап, ол реформалар соңына жеткізілмей, әбден титықтатқан салалар арасында білім саласы да бар. «Жығылғанға жұдырық», пара алу, сыбайлас жемқорлық та білім саласында жыл өткен сайын ушығып барады. Үлттық біріңғай тестілеудің «жыры» бір бөлек, жоғары оқу орнына түскеннен кейін «көтере алмас шоқпарды беліне байлап алғандар» әр сессияны пара не тамыр-таныстық арқылы тапсыруға тырысатыны жасырын емес. Сорақысы, пара алғысы келіп, «алақаны қышып» тұратын мұғалімдер сабақты жақсы оқитындарға да ауыз салады. Дәл осы мәселе өткенде Парламентте де көтерілген. Мәжіліс депутаттарының алдына есеп беруге келген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке Дариға Назарбаева: «Бір зачет қанша тұрады?» деп сұрақты төтесінен қойған. Министр мырза мұндай сауалға қапелімде жауап бере алмай тосылды. Жоғары оқу орындарындағы осындай олқылықтың орнын толтыру үшін ұйымдастырылған шара нәтижелі болса, игі. ОҚО Жемқорлық әрекеттерді ашу және алдын алу басқармасының аға инспекторы Мақсат Тұрлыбековтің айтуынша, жыл басынан бері, яғни, 4 айда Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі департамент тарапынан 120 жемқорлық әрекет анықталған. Оның 32-сі білім саласына қатысты. Анығырақ айтқанда, әрбір төртінші қылмыстың астарында коррупция жатыр. Жемқорлыққа қатысты арыз-шағымы бар азаматтар 144 нөміріне хабаралсып, телефон арқылы дабыл қағуына болады.

Серіктес жаңалықтары