Айшылық алыс жерлерден...

Айшылық алыс жерлерден...

Айшылық  алыс жерлерден...
ашық дереккөзі
240

Қазақтың кемеңгер ойшылы Абай қара сөзінде қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің киелі өнерлерін таныстырып жатқанда: «…қайрат, ақыл, жүрек – осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы» – деп төрелік айтқанның есімі ғылым екенін жазған еді.

Ғылым ең алдымен біздің өмірімізді жеңілдетіп, ой-өрісімізді кеңейтетін нәрсе-дүр. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алдырып», көп жұмысты аз уақытта тындыру үшін ғылымға жүгінеміз. Қазіргі таңда мүгедек жандардың жәрдемшісіне айналған роботтар, ел қорғайтын қарулар, ақпарат алмасудың жаңа форматын қалыптастырған ғаламтор тағы басқадай соны дүниелер ғылымның жемісі емей немене?! Бұлардан һәм пайда һәм рахат көретініміз рас. Орыс ғұламасы, философ Лев Толстой айтпақшы, «ғылымның ісі – адамға қызмет ету». Сол өмірдің рахатын көбірек татпақ үшін, берекелі ғұмырды мақсат етіп адамдар конференциялар, семинарлар, бас қосқан жиылыс, құрылтайлар өткізіп, ақшасын жаратады-мыс. Ондай біздің қазақта да бар. 

Ғылым дамуының біздің елде көрініс табуының бір дәлелі Сү­лейман Демирель университетінде өткен ICBCB (Мәдениеттер арасы бейбіт көпір құру) конференциясы. «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика» атты тақырыпта өткен конференцияның мақсаты ғылымды қолдана отырып мәдениеттер арасында бейбіт байланыс орнату. Конференцияға әлемнің әр мемлекетінен өз саласының дарынды ғалымдары мен атақты журналис­тер қатысты. 

АҚШ-тың Индиана уни­вер­ситетінен келген Орта Азия халықтарын зерттеуші ғалым, профессор Уиллиам Фиерманның Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттар мен ұлыстардың түрлі көзқараста болуы, ой алуандығы, пікірлер пирамидасындағы қайшылықтар орын алуы заңдылық. Алайда, өзара түсіністік пен диалог кез келген күрделі мәселенің күрмеуін шешетінін де уақыт дәлелдеп отыр. Оның үстіне барша әлемді қамтуға қарқынды бағыт алып отырған ғаламдану құбылысынан бірде-бір ел шет қала алмайтыны айқындала түсуде. Бұл орайда əлемдік ғаламданудың неғұрлым оң бағыт алуына əсер ететін саяси-экономикалық факторлармен бірге мəдениет, ғылым мен білім беру саласының мамандары арасындағы тұлғалардың өзара рухани сұхбаттасатын қызмет ортасы болғаны зор. Осы тұрғыдан мәдениеттер арасы бейбіт көпір құруды көздеген ICBCB конференциясы сынды зияткер зиялылар басқосуларының орны ерекше деген сөзі расында, барлық өзгерістер мен дамулардың мақсаты – материалды құндылық қана емес, адамияттық қасиеттерді де алға тарту керектігін көрсетсе керек.

Білім мен мәдениет егіз ұғым. Ал өркениет пен парасатқа негізделген қоғам қалыптастыруға бел байлаған елдің басты кепілі оның ішкі тұрақтылығымен, ұлттар бірлігімен тығыз байланысты. Бұл өмірдің бұлжымас заңдылығы. Қазақ жерінің, Қазақстанның қашанда бейбіт бастамалар мен мəмілегерліктің ордасына айналып отыратындығы да сол. 

Қай кезеңде де ғылым мен білімнің дамуы, белгілі бір деңгейде, халықтар арасындағы келісім мен мәдениеттер арасындағы рухани үйлесімділікке тікелей байланысты болғандықтан, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан 2050 стратегиялық бағдарламасы да, ертеңгі EXPO-2017 шарасының негізінде де ғылым мен ғалымдар арасындағы диалог жатыр. Сол тұрғыдан келгенде бүгінде дәстүрлі форматқа айналған ICBCB – отандық және шетелдік ғалымдардың ғылым мен әлеуметтік мәселелерді ашық талқыға салатын интелектуалды алаңы болып табылады, – дейді Конференцияның бас хатшысы Дәуренжан Гаипов мырза. 

Айта кетейік, осы мақсатта Сүлейман Демирель атындағы университеттің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі ICBCB VI-ха­лықаралық конференциясына «SEMA» емханалар желісі, «Print world» баспа үйі, «Zugo» үй текстилі дүкендер желісі мен «TemTOUR» мен «Қарлығаш Туризм» туристік агенттіктері демеушілік жасады. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын аталмыш маңызды конференция келесі жылы да жалғасын таппақ.

Мадияр Саудбаев,

Кеңес Әбдіманап

Серіктес жаңалықтары