Елбасын ұлттық символ ретінде қабылдауға қалай қарайсыз?

Елбасын ұлттық символ ретінде қабылдауға қалай қарайсыз?

Елбасын ұлттық символ ретінде қабылдауға қалай қарайсыз?
ашық дереккөзі
234

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұлттық символ ретінде
қабылдау туралы ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай өткен ғылыми-тәжірибелі
конференциясында ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты тарих ғылымдарының докторы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Еуразия»
гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығының директоры Зиябек Қабылдинов мәлімдеді. «Италияның тәжірибесіне
тоқталатын болсақ, оларда үш мемлекеттік символ бар – Ту, Әнұран және Мемлекет
басшысы. Біздің қоғамға Мемлекет басшымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан
Әбішұлының ұлттық символ болуы бастамасын қарастыру керек. Атап айтқанда,
бүгіндегі егемен Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз 
байланысты» деп атап өтті Зиябек Қабылдинов. Бұл ұсыныс жөнінде әлеуметтік
желілерде қызу талқылаулар жүрді.

Зарыкхан Баглат:

– Елбасын ойыншық деп көре ме? Сонсоң әр ғалым өз
білетін ғылымымен араласудың орнына жағымпаздана жан сақтауға құмар болып
барады. Академия басшылары солай тәрбиелеп, бедел тауып, белсенді атанып, ар
намысын белбеуіне түйіп, ар жағынан пайда табудан диссертациялар жазуға
машықтанып бара жатқан секілді.

Алмас Мұстафа: 

– Жағымпаздықтың неше түрін көріп едім. Ал мұндай түрін
бірінші рет көрдім.

Санди Такишева: 

– Ия”балық басынан шіриді” деген осы! Бұл
жағымпаздықтың шырқау шыңы! Әрине саналы адам ушін өте ұятты!

Аталған ұсыныс жайында ойын білу үшін Қуандық
Шамақайұлымен де байланысқан едік.

Қуандық Шамахайұлы: 

– Жалпы, мұндай шектен шыққан жарамсақтық сол жағымпаздардың өздеріне ұнайтын
шығар. Оны Елбасы құптамасына сенемін. Білдей профессор өзі тарихшы адам жеке
басқа табынудың қаншалықты зиян екенін жақсы білуге тиіс. Сөйте тұра мұндай
ұсыныс жасауы “атың шықпаса жер өртенің” кері. Онысы, Елбасының
беделін түсіру үшін қасақана айтылған жымысқы әрекет те болуы мүмкін. Елбасын
мен де сыйлаймын. Кезінде ол кісі жайында деректі фильмнің сценарийін жазғанмын
(“Қамал алар кез”, “Хабар” агенттігі, 16.12.2009). Бірақ,
ол тарихи деректі көркем публицистикалық жанрмен көрсеткен туынды болатын.
Жалпы, жағынудың жөні осы екен деп дәл Зиябек секілді тым артық кетуге болмайды
ғой. Әркімнің өмір сүру өз тәсілі бар. Мен оның жеке пікірі болуын жоққа
шығармаймын. Дегенмен, мұнысы соншалықты сәтті мадақ емес. Бірақ, көзі тірі
тұлғаны символға айналдыру туралы ұсыныс айту ғалым әрі тарихшы адам үшін тым
күлкілі көрінеді.Басқаша жағымпазданып, жеңіске жетуіне тілектеспін. Бірақ, елдің рәмізі
деген киелі затқа тиіспесін.  Жалпы, Назарбаевтың өзі саясаткер ретінде Зиябектің жасайтын рәмізіне,
мадағына зәру емес. Биік мәртебе мен абырой беделі онсыз да жеткілікті. Сондықтан,
жағымпаздардың мұндай келекесіне “тәйіт” деп басу айтпаса, әлем
елдері бізді Бораттан бетер мазақ етуі ықтимал.

Серіктес жаңалықтары