Мектеп түлегі министрліктен неге кешірім сұрады?

Мектеп түлегі министрліктен неге кешірім сұрады?

Мектеп түлегі министрліктен неге кешірім сұрады?
ашық дереккөзі
627

Он жыл қатарынан
өтіп келген ұлттық бірыңғай тестілеудің әлі де у-шуы басылар емес. Жыл сайын
тәртіптері қатаңдатылып, тест сауалдары сүзгіден өткізілсе де, әйтеуір
мағынасыз тапсырмалардың барын айтып дүрлігеді талапкерлер. Бір кездері
«Пәленше батыр мінген тұлпардың қанша тісі бар?» деген езуге күлкі әкелетін
сұрақтар кездесті десе, биылғы ҰБТ-да «Алматыдағы сыра зауыты қашан ашылды?»
деген сауалдың бары айтылды.

Сол кезде білім саласының басшысы не дерін білмей, «аппеляциялық комиссияға
шағымдансын…» дегеннен басқа ештеңе айтуға жарамаған-тұғын. Алайда, Білім
және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов өткізген алғашқы ҰБТ-ны талапқа сай әрі
көңілдегідей өтті деген орынбасарлары мен Ұлттық тестілеу орталығы мамандары
әлгіндей сұрақтың болмағанын айтып сендірген. Тіпті, осындай сауал кездесті деп
отандық телеарналарға сұхбат берген петропавлдық мектеп түлегі Айнұр Серік кеше
министрліктен кешірім сұрады. 
“Айнұр Серік министрден кешірім сұрасын” деген бастаманы Білім
және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев пен Ұлттық тест орталығының директоры
Қали Әбдиев бастаған болатын. Дарынды балалар гимназиясын үздік бітіріп,
Бірыңғай ұлттық тесттен 107 балл жинаған Айнұр сөзін қайта алып, «Маған
құрбыларым айтты. Мен өзім ол сұрақты көрген жоқпын. Сондықтан нақты ондай
сұрақ болды деп айта алмаймын. Сол үшін кешірім сұрадым», – деді.

Министрліктің 17 жасар қыздан
кешірім сұратуының астарында не бар? Бұл министрге жағыну ма, әлде
психологиялық қысым жасау ма? Бір қызығы, былтырғы ҰБТ-да Алматыдағы сыра
зауыты туралы сұрақтың болғанын министрлік өзі растаған екен.

Сонымен, ата-ана мен мектеп түлектерін
8 күн дүрліктірген ҰБТ да өз мәресіне жетті. Ұлттық бірыңғай тестілеуге
республика бойынша 87 мың 593 адам қатысса, оның 61 мың 678-і мемлекеттік
тілде, ал 20 мың 236-сы орыс тілінде сынақ тапсырған. Тек еліміз бойынша, 
ең жоғарғы көрсеткішті төрт түлек қана көрсете алды.  Төрт пәннен де
жаңылмай, 125 баллды алған  Айғаным Әбдіжаппар мен Әсия Марат Алматы
қаласынан болса, Оңтүстік Қазақстан облысынан Шахзода Ахметжанова мен Ұлпан
Ержановалар да осы межені бағындырған. Ал мектеп түлектерінің 23 пайызы межелі
балды да жинай алмапты.

Серіктес жаңалықтары