"ZERDE" маркалы ұялы телефоны нарыққа шықты

"ZERDE" маркалы ұялы телефоны нарыққа шықты

"ZERDE" маркалы ұялы телефоны нарыққа шықты
ашық дереккөзі

 Қытай қазақтары “ZERDE” маркалы ұялы телефонын нарыққа шығарды. Бұл ұялы телефонды өндіруші – Үрімшідегі “Алтын сақа” қаржыгерлік орталығы. “ZERDE” маркалы смартфоны бір жылдан аса уақыт зерттеудің нәтижесінде әр сала мамандарының атсалысуымен жарыққа шыққан. Заманауи үлгіде әзірленген смартфон тек ұялы телефон қызметін ғана атқармайды. Бұл қалта телефонының ұлттық бояуы қанық, тілі қазақша, көптеген қазақы детальдармен байытылған. Қазақтың таңдамалы 100 әні, жүзден астам ертегілер, Абай, Мұқағали өлеңдері, салт-дәстүрлер жинағы, көптеген қазақ нақылдары мен мақал-мәтелдерін де осы ұялы телефоннан таба аласыз. Қалта телефонының сатылымдағы қазіргі бағасы 997 юань болып бекітілді. Теңгемен есептегенде 24925 теңге.