Гранттан қағылған үздіктер

Гранттан қағылған үздіктер

Гранттан қағылған үздіктер
ашық дереккөзі
437

Сейсенбі күні мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі шыққан болатын. Алайда мемлекеттік білім грантына 39 «Алтын белгі» иегері қол жеткізе алмай қалыпты. Гранттан қағылған «Алтын белгі» иегерлеріне Астана қаласындағы Қазақ инженерлік-техникалық академиясы реторлық грант ұсынбақ. Бұл туралы «Tengrinews.kz» сайта хабарлады.

Кейін 8 халықаралық олимпиада жеңімпазы, 92 халықаралық ғылыми жарыстардың жүлдегері, 293 түрлі шығармашылық және спорт жарыстарының жеңімпазы мемлекеттік гранттан құр қалғаны белгілі болды.

Мұндай мәліметтерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де жоққа шығармады. «Бізде тек «Алтын белгі» иегерлері ғана немесе олимпиада жеңімпаздары ғана кірген бірқатар мамандық бар. Бұл, айталық, халықаралық қатынастар, шығыстану, шетел филологиясы, құқықтану, кеден ісі, экономикалық барлық мамандықтар, медицина. 39 «Алтын белгі» иегері

грант ала алмады. Себебі, жастардың бұл категориясы тек сұранысқа ие мамандықтарды белгілейді. Әрине, олар өз балдары бойынша тізіледі, ал экономикалық және құқықтану мамандықтарына гранттар саны азаяды», – деген болатын Білім және ғылым министрлігінің Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және халықаралық қатынастар департаментінің директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев.

Ал Астанадағы Қазақ инженерлік-техникалық академиясы грантқа ие бола алмаған 39 «Алтын белгі» иегеріне ректорлық грант ұсынуға келісіп отыр. Академияның ректоры Талғат Игіліков Білім және ғылым министрлігінен аталмыш талапкерлер туралы ақпарат беруді сұрады. Академия ректорының айтуынша, ректор грантынла оқығандарға шәкіртақы төленбейді. Алайда «Алтын белгі» иегерлері үшін мұны да қарастырып көрмек. Ал 39 «Алтын белгі» иегерлерінің арасында  бұл академияда оқығысы келетіндер болса, 24 тамызға дейін құжаттарын тапсыруы қажет.

Серіктес жаңалықтары