61 ЕЛГЕ ВИЗАСЫЗ БАРАСЫЗ

61 ЕЛГЕ ВИЗАСЫЗ БАРАСЫЗ

61 ЕЛГЕ ВИЗАСЫЗ БАРАСЫЗ
ашық дереккөзі
184

  Қазақстан азаматтары Жер
шарының 61 еліне визасыз сапар шегуге қақылы. Бірақ бұл мақтанатын жайт емес.
Өйткені рейтинг бойынша Куба және Ганамен қатар тұрмыз. Көршілес Ресей
азаматтары жүзге жуық елге визасыз кіре алады. Демек, аизасыз елдер тізімін
көбейту керек.

Жуырда халықаралық 
Henley&Partners ұйымы IATA
(International air transport association) компаниясымен бірге дүние жүзінің
қанша елінде визалық шектеу барлығын анықтады. 219 мемлекетті қамтыған тізімде
Қазақстан 66-орында тұр. Тізімге сүйенсек, біздің отандастар 61 елге визасыз
бара алады. Алайда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бойынша Қазақстан жетекші
орында тұрған жоқ. Өйткені Ресей азаматтары 95 елге визасыз барса,
украиналықтар 77 мемлекеттің шекарасынан құжаттарын рәсімдемей-ақ кіре алады.
Бізбен деңгейлес тұрғандар – Беларусь, Куба мен Гана. Бізден кейінгі орынға
Қырғызстан, Молдова, Грузия, Өзбекстан мен африкалық елдердің көпшілігі
жайғасқан.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталғаны, ағылшындар. шведтер мен
финляндиялықтар алда тұр: олар 173 елге визасыз бара алады. Одан кейінгі
кезекте тұрған Германия, Дания, Люксембург пен АҚШ азаматтары – 172 елге, ал
Италия, Бельгия, Нидерландтар 171 мемлекетке еркін сапарлауға құқылы.

Шекара сызығын кесіп өтерде күдік тудыратын төлқұжаттар Пәкістан, Сомали
(32 елге визасыз), Ирак (3 елге визасыз) пен Ауғанстанға (28 елге визасыз)
тиесілі. 

Бүгінде Қазақстан визасы аз елдер қатарына ілігу үшін тырысуда. 2014 жылдың
мамырында Аргентинамен арадағы визалық шектеулерді жойды. Күні кеше ғана Астана
мен Сеул арасындағы келісімге сәйкес, екі жақтың азаматтары визасыз шекарадан
өте алатын болды. ТМД елдеріне түгел виза жоқ. Сонымен қатар 2014 жылдың 14
шілдесінен 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан АҚШ, Нидерландтар,
Ұлыбритания, Франция, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея мен
Жапония азаматтарына Қазақстанға визасыз келуге рұқсат берді. Олар 15 күнге
дейін мерзімде бірнеше рет келіп-кетуге қақылы. Егер бұл жоба сәтті өткізілсе,
мерзімі ұзартылуы әбден мүмкін. Жасалған шаралар Қазақстанға келетін
инвесторларға барынша жағдай жасау, туристер санын арттыру және Қазақстанды
әлемге насихаттауға сеп болары анық. Енді тек Қазақстандағы қызмет көрсету
сапасын жақсартып, құны тым қымбат тұратын қонақүйлердің аспанға шарықтаған
бағаларын шынайы өмірге лайықтау керек. Әсіресе, Алматы мен Астанадағы
қонақүйлердің бағасына талай шетелдік жағасын ұстап, бастарын шайқап кеткенін
көзімізбен көрдік. Әрі бұл жиі кездесетін жайт. Әлбетте, бағаны тізгіндеу –
құзырлы органдардың мойнындағы міндет.

  Нәзия Жоямергенқызы

Серіктес жаңалықтары