Командалар 1/8 финалда өнер көрсетпек

Командалар 1/8 финалда өнер көрсетпек

Командалар 1/8 финалда өнер көрсетпек
ашық дереккөзі

 

Әлем чемпионатында «Е» тобынан келесі кезеңге Франция және Швейцария
құрамалары өтті. Топ ішіндегі соңғы ойындарын Франция Эквадормен, Швейцария
Гондурас құрамасымен өткізді. Франция және Эквадор құрамалары арасындағы ойында
есеп ашылмады. Тең ойын көрсеткен Франция қоржынына бір ұпай қосып, 7 ұпаймен
алға шықты. Ал екінші ойында Швейцария құрамасының ойыншысы Шакири Гондурас
қақпасына үш бірдей гол салып, құрамасын жеңіске жеткізді. Алдағы ойындарда
Франция құрамасы Нигериямен, Швейцария Аргентина құрамасымен кездеседі.  

Португалия құрамасы соңғы
ойында Гана құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Дегенмен, Португалия құрамасы
үздіктер қатарынан табылмады. Бұл құрамалар арасынан келесі кезеңге Германия
мен АҚШ жолдама алды. Португалия құрамасы доп айырмасы
бойынша АҚШ құрамасынан артта қалды.

Н тобында Алжирмен кездескен
Ресей құрамасы келесі кезеңге өте алмай қалды. Бұған дейін  Ресей қоржынында 1 ұпай, Алжирде 3 ұпай
болған. Бұл ойында ресейлiктер Алжир футболшыларын жеңгенде топ ішінен екінші орынмен келесі кезеңге өтуге
мүмкіндік алар еді. Алайда ойын нәтижесі тең есеп көрсетті. 1:1.

Бұл құрамалардың ойынынан кейін
алаң төрінде Бельгия және Оңтүстік Корея құрамалары кездесті. Оңтүстік Корея
құрамасын 1:0 есебімен жеңген Бельгия келесі кезеңде тағы да сынға түсетін
болады. 9 ұпайы бар Бельгия өз тобында бiрiншi орын алып, 1/8 финалға жолдама алды. Алжир екiншi орынмен келесі кезеңге өтті.