Ширек финалдың сегіздігі толықты

 

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама үшін тартысты ойындар аяқталды. Ширек финалға 8 команда жолдама алды.

Алаң төріне көтерілген Коста Рика мен Грекия құрамалары арасындағы
ойын 5:3 есебімен аяқталды. Ойын барысында тең ойын көрсеткен қос құрама
негізгі уақытты 1:1 есебімен аяқтаған болатын. Пенальтиден ұпайын асырып кеткен
Коста Рика құрамасы ширек финалға жолдама алды. Ширек финалда Коста Рика
құрамасы Голландиямен тартысқа түсетін болады.

Әлем чемпионатындағы келесі кездесу Франция мен Нигерия құрамалары арасында
өтті. Тартысты өткен ойында француздар қарсыластар қақпасына біраз шабуыл
жасады. Дегенмен ойын соңына дейін есеп ашыла қоймады. 79-минутта Поль Погба
қақпаға алғашқы голды салды. Сөйтіп француздар алға шықты. Француздарға жеңіс
сыйлаған екінші гол қосымша уақытта салынды. 92-минутта салынған голдың авторы
нигериялық Джозеф Йобо. Бұл биылғы чемпионаттағы оныншы автогол. Жеңіске жеткен
Франция құрамасы енді ширек финалда өнер көрсетеді.

Одан кейін ойын тізгінін қолдарына алған Германия мен  Алжир құрамасы өрнекті ойын көрсетті. Бұл ойында
шабуылдар да жасалды, қорғаныс та мықты болды. Сол себепті ойынның негізгі
уақытында есеп ашылмады. Қосымша уақытта Германия құрамасы 2 гол, Алжир
құрамасы 1 гол салып матчты аяқтады. Есеп 2:1. Германия құрамасының пайдасында.
Ширек финалда немістер француздармен кездесетін болады.

Аргентина мен Швейцария арасында өткен ойын негізгі матчта 0:0 есебімен аяқталды. Ойыннан кейін берілген қосымша уақытта Аргентина құрамасы қарсыластар қақпасына гол салып, есепті 1:0-ге жеткізді. Сонымен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Ал Аргентина құрамасы ширек финалға жолдама алды.

Одан кейін ойын алаңына Бельгия мен АҚШ құрамасы шықты. Бұл ойынның да негізгі уақытында есеп ашылмады. Дегенмен ойын тартысты өтті. Төреші белгілеген қосымша уақытта Бельгия құрамасы 2 гол, АҚШ құрамасы 1 гол салды. Ойын нәтижесі 2:1 есебімен жабылды. Жеңімпаз – Бельгия құрамасы. Енді ширек финалда Бельгия құрамасы Аргентинамен ойнайтын болады.

Ширек финалдың алғашқы ойынын 4 шілде күні Франция мен Германия құрамасы бастайды.


Ұқсас жаңалықтар

Back to top button