Аргентина финалға шықты

Аргентина финалға шықты

Аргентина финалға шықты
ашық дереккөзі

 Әлем чемпионатындағы жартылай финал аяқталды. Соңғы ойын Аргентина мен Голландия құрамасы арасында өтті. Қос құраманың кездесуі 4:1 есебіміен аяқталды. Ойынның негізгі уақытында да, қосымша уақытында да есеп ашылмады. Екі команда да бірнеше мүмкіндіктерді жіберіп алды. Тек пенальти сериясы бойынша ғана 4:2 есебімен  Аргентина финалға жолдама алды. Аргентина құрамасы осымен төртінші рет финалға шығып отыр. Ал Голландия құрамасы екінші рет жартылай финалда сүрінді. Финалға шығып, чемпиондық атақ үшін таласатын қос құрама белгілі. Олар: Германия және Аргентина құрамалары. Ал чемпионаттың үшінші орыны үшін Бразилия мен Голландия құрамалары таласпақ. Соңғы финалдық ойын 13 шілде күні өтеді.