232 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

232 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

232 ОТБАСЫ  БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
ашық дереккөзі

232 отбасыға арналған бұл тұрғын үйлер жаңа сипатта, қалаға өзіндік әр беретін қолайлы жерде орналасқан. Салтанат иелерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, тәуелсіз еліміздің даму жолындағы мұндай игілікті істер жалғаса беретінін жеткізді. 

Мұндағы 8 үйдің 6-ы тұрғын үй қорына кезекте тұрған адамдарға берілсе, қалған 2-і «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында үлестіріліп отыр. Тұрғын үйлердің құрылыстарын «Астана Сервис ЛТД», «Ел-Қонды», «Сыр құрылысы», «Аманқұрылыс», «МСФ Мұнай-құрылыс», «Айдана» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізген. 

Облыс басшысы өз сөзінде соңғы жылдарда аймақта құрылыс саласында жақсы қарқын барын атап өтті. Қаншама әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ескі ғимараттардың орнына жаңасы салынып, елдің игілігіне айналуда. 

– Бұл біздің еліміздің жылдан жылға әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды. Осындай оңды өзгерістер Сыр өңірінде де көрініс беріп отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда құрылыс көлемі 40 пайызға артты. Сондай-ақ, өңдеу саласында да өсім бар. Осының нәтижесінде біз көптеген әлеуметтік проблемаларды оңды шешуге мүмкіндік алып келеміз, – деді Қырымбек Елеуұлы. Сонымен қатар облыс басшысы, аймақ тұрғындары жылдан жылға өсіп келе жатқанын айтып өтті. Қызылорда еліміздегі демографиялық жағынан алдыңғы үштікте келе жатқан облыс­тар қатарында. Ресми деректер бойынша аймақта 743 мың адам тұрады. Ал медициналық тіркеу мәліметтеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш 823 мың адамды құрайды. Алдағы 7-8 жылдың көлемінде облыс халқы 1 млн. адамға жетеді деген болжам бар. Сондықтан әлеуметтік сала бойынша нақты жұмыстарды іске асыру маңызды болып қала бермек. 

Астана қаласының 16 жылды­ғына осы арада жаңа үйден пәтер алған 16 отбасына салтанатты түр­де баспана кілттері табыс етілді. Олар­дың арасында Ұлы Отан соғы­сының ардагерлері Қойтай Той­жігітов пен Владимир Колбинов бар. 

Сондай-ақ, осы күні Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында орын тепкен жас отбасыларға арналған №5 және №6 үйлер пайдалануға берілді. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы негізінде салынған үйлер құрылысын «Авангард ПГС» мен «Аман-құрылыс» ЖШС жүргізген. Бұл көпқабатты екі үйге 100 отбасы қоныстанып отыр. Аймақ басшысы өз тілектестігін білдірсе, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов баспаналы болған жастарға ақ батасын берді. 


Қуат Шарабидинов

Қызылорда облысы