Әлішер Кәрімов Юрмалада

Әлішер Кәрімов Юрмалада

Әлішер Кәрімов Юрмалада
ашық дереккөзі

Латвияның Юрмала қаласында ХІІІ жас әншілердің халықаралық “Жаңа толқын-2014” байқауы шымылдығын ашты. Байқау 22-27 шілде аралығында өтеді. Бұл байқауда еліміздің намысын қорғау үшін әнші Әлішер Кәрімов Юрмалаға аттанды. Әлішер Кәрімов бұған дейін де бірнеше халықаралық байқауларға қатысқан. 2011 жылы “Славян базары” халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан атынан өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынды иеленген болатын. Қатысушылар 23 шілде күні әлемдік деңгейдегі хит әндерді орындайды. 24 шілдеде өз елінің танымал әнін, ал 26 шілде күні  орындалмаған бір әнін шырқайды. Әлішер Кәрімов өз еліндегі танымал ән ретінде “Әлия” әнін таңдапты. Дарындыларды анықтайтын өнер додасына бұған дейін Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Айқын Төлепберген, Қайрат Түнтеков, “Ринго” тобы, ADAM сынды еліміздің жас әншілері қатысып, бақ сынаған болатын. Ал биылғы жылы Қазақстан атынан өнер көрсететін Әлішердің асығы алшысынан түседі деп үміттенеміз.