Үкімет қайта жасақталды
Үкімет қайта жасақталды
Жинақы үкімет қажет. Бізге өзімізге қажеттіден
артық шенеуніктікті орнатудың қажеті жоқ. Үкіметтің әр отырысы апта сайын 50-60
қаулы қабылдайды”, –
деді президент.
Бұрын
болған 17 министрлік, 9 агенттік, 54 комитет пен 272 департамент 12 министрлік,
30 комитетке қысқарып қалды. «Ал тоғыз агенттік комитеттер түрінде
министрліктердің құрамына енеді», – деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, 5
жаңа министрлік құрылады. Ұлттық
экономика министрлігі құрылады. Оған Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі, Өңірлік даму министрлігі, Статистика агенттігі, Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі енеді. Премьер-министрдің
ұсынысы бойынша бұл
ведомствоның министрі болып Ерболат Досаев тағайындалды.
Мәдениет
және спорт министрлігі құрылып, оған Мәдениет министрлігінің, Дін істері, Спорт және дене шынықтыру істегі
агенттіктерінің құзыреті қарайтын болады. “Мұхамедиұлы қайта
құрылған министрліктің министрі болады.
Ал Индустрия
және жаңа технологиялар, Көлік және коммуникация министрліктері, Байланыс және
ақпарат агенттігінің, Ұлттық ғарыш агенттігінің өкілеттіктері мен
энерготиімділік, геология мәселелері жаңа ведомство – Инвестициялар және даму министрлігінің құзыретіне берілетіні
айтылды. Бұл ведомствоны Әсет Исекешев басқаратын болады. Көлік және
коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек оның бірінші орынбасары, ал Асқар
Жұмағалиев орынбасары болып тағайындалады.
Сондай-ақ
энергетика министрлігі құрылмақ. Оған
Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған орта және су
ресурстары министрліктерінің функциялары мен өкілеттіктері беріледі. «Ойланып,
талқылап, бұл министрліктің басшылығына осы саланы жақсы түсінетін Владимир
Школьникті лайық деп шештік”, – деді Назарбаев.Школьниктің бірінші
орынбасары – Ұзақбай Қарабалин болады. ал Нұрлан Қаппаров президент сөзімен
айтсақ, «өзінің ниеті болса, оның орынбасары бола алады», – дей келе, – Бар,
мен саған “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясының президенті болуды
ұсынамын”, – деді Президент. Бұған Қаппаров мырза бірден келісті.
“Төтенше жағдайлар министрлігіне өзге
елдердегі сияқты Ішкі істер министрлігінің функциясы мен өкілеттігі беріледі. Аталмыш министрлікке Қалмұханбет Қасымов министр болып тағайындалады. Оның орынбасары – Божко болады
да, бұрынғы жұмысын жалғастыра береді. Жақсы жұмыс істедің, Владимир
Карпович, ескерту жоқ. Сен әлі егде емессің, бәрі алда”, – деді Президент.
“Қалған министрліктер кейбір түзетулермен бірге
өз өкілеттіктерін сақтайды. Атап айтқанда, Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі, оның облыстардағы функциясы Қаржы министрлігіне беріледі. Премьер-министрдің екі орынбасары болады –
Бақытжан Сағынтаев және адами даму мәселелері бойынша Гүлшара Әбдіхалықова.
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің облыстардағы балық шаруашылығы,
су ресурстарын, орман, жануарлар дүниесін басқару функциялары Ауыл шаруашылығы
министрлігіне беріледі”, – деді Президент.