Алматыдағы «Перзент» балалар үйінен өрт шықты. Балалар үйінің директоры Әмина қажы Әжібаева алғысын білдіріп, таңғажайып оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін осындай сынаққа қалдық. Құтқарушылар сағат төрттен беріп жұмыс істеп жатыр. Алла разы болсын, бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді, барлығы бір үйдің баласындай көмектесіп жүр. Ең кереметі, құран кітабымның өртенбей қалғанын қараңдаршы, түк болмағандай. Менің қаруым күйіп кетіпті, бірақ құранға ештеңе болмапты. Алла ұлық! Ұлылықтың белгісі», - дейді Әмина қажы.