Қазақстан - секс туризм ордасы емес. Алайда үндістандық журналист өз көзқарасынан бас тартпай отыр

Қазақстан - секс туризм ордасы емес. Алайда үндістандық журналист өз көзқарасынан бас тартпай отыр

Қазақстан - секс туризм ордасы емес. Алайда үндістандық журналист өз көзқарасынан бас тартпай отыр
ашық дереккөзі
485

 Әлем волейболшы қыз Сабина Алтынбекованың сұлулығына тамсанып, қазақ қыздарын көкке көтеріп жатқанда, үнді журналисі елімізде секс-туризмнің етек алып келе жатқаны туралы жазды. Сенсация тудырған бұл мәселе намысшыл халықтың намысына тигені анық. 

Үндістандық DNA агенттігінің тілшісі Шакхар Абеди осы жазбасы үшін кешірім
сұрады. Жалпы, басылымның ақпаратына сенсек, Үндістанның ер адамдары
курортты мемлекет ретінде Қазақстанға  жиі келеді екен. Осы бір дерекке сүйене
отырып, секс-туризмнің дамығаны туралы қорытынды жасаған. Өз жазғандарына
өкініш білдірген автор, мұндай жағдайдың қайталанбайтыны туралы да баяндапты. «Менің
жазған мақалам туристік индустриядағы басшылар мен қызметкерлердің бақылауынан туындағанын
түсіндіргім келеді, себебі олар сенімді дереккөз, туристік салада не болып
жатқанын анық біледі. Менің мақаламда аталған адамдардың көпшілігі мұндай
нәрсенің жоқ еместігі туралы пікірлерін айтқан, мен соларды бір мақалаға
біріктірдім», – деп жазады. Алайда бұл кешірім хат кешірім сұрау емес, өз
сөздерін дәлелдей түсіндіруге арналған сияқты. Себебі дереккөздерді жасыра отырып,
бәрібір олардың байқағыштығы туралы баяндайды. Жалпы еліміз туралы теріс
пікірлер қашан да бірінші бетке беріліп жатады. Авторлары артынан ұялмай,
сөзімді қайтарып алдым, кешірім бер деп оп-оңай құтыла салады. Ал Үндістанда
осы мақаланы оқыған миллиондаған адамдардың Қазақстан туралы пікірін қалай
өзгертеміз?

Қазақстанның Үндістандағы елшісі Дулат Қуанышевтың айтуынша, мақалада пікір
білдірген төрт адам өз сөздерінен бас тартқан. Бұл сөздерді оларға журналистің
жапқанын айтуда. Мақалада аталған туризм сарапшылары үндістандық ер адамдардың Тайланд,
Сингапур және Индонезиядан қарағанда Қазақстанға жиі баратыны туралы ғана
айтқанмын десе керек. Бұл орайда
еліміздің жоғарғы оқу орындарында дәріс алатын студенттер де бар ғой.

«Елшілік менің мақаламдағы адамдармен кездескен соң, маған айтқан мәліметін
теріске шығарғаны анық. Автор біздің сөзімізді бұрмалады деген. Әрине, бұл
жағдайға қатысты алаңдаушылық танытқандарыңызды түсінемін. Сондай-ақ Қазақстан
мен Үндістанның достығы жарасқан, стратегиялық серіктес екеніне де келісемін.
Сөзімді қорытындылай келе айтпағым, бұдан былай пікір алу үшін Сіздердің елшілікке
хабарласатын боламын», – деп аяқтайды сөзін Абеди. Тағы да автордың өзін ақтап
алғанын және еліміздегі жезөкшелікті жоққа шығармағанын байқайсың. Ал елші
Дулат Қуанышев “автор сөзін кері алса, қатаң жазалау талап етпейтінін” айтқан
болатын. Тағы да қазақтың қыздарын, дәстүрін, тәрбиесі мен намысын балағаттап
алып, артынан түк болмағандай  мақала жазуға кірісе бере ме?

Осы орайда Борат фильмінің жасаушыларының да жазасыз қалғаны еске оралады.
Шетелге бара қалсаң, Қазақстан дегенде Боратты бірден аузына алады. Бұл жағдай
өз басымнан да өткен. АҚШ-қа сапарымда сөйлескен адамның барлығы «О, Борат
Қазақстаннан ғой» дейтін бірден. Бірлі-жарым адамға оның кім екенін, фильмнің
тіпті Қазақстанда да түсірілмегенін айтып бағамыз. Десек те, қазақ Боратпен
танымал екеніне көз жеткіздік.Осындай теріс пікірлерді жойып, жақсы бренд қалыптастыру барша қазақтың, шетелдегі қазақ туристерінің міндеті. 

Серіктес жаңалықтары