Тоқаев: Халықаралық форумдар жиілеп кетті

Тоқаев: Халықаралық форумдар жиілеп кетті

Тоқаев: Халықаралық форумдар жиілеп кетті
ашық дереккөзі

Соңғы жиырма жылда
мемлекеттігімізді паш етіп, имиджін қалыптастыру мақсатында түрлі сала бойынша сансыз
халықаралық форумдар мен басқосулардың жиі өткізілгені жаһан жұртына мәлім. Бұл
бюджет қаржысын қисапсыз жұмсап, “абырой мен атаққа” қол жеткізу
деген желеу ғана. Бұл мәселені Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев
орынды атап өтті.

  Парламент Сенатының жалпы отырысында«Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Техникалық
ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы
қабылданған болатын. Құжаттың негізгі міндеті – 2014 жылғы 6-8 қазанда
Астанада «Біріккен Ұлттар Ұйымының «Электрондық үкімет 2014» жаһандық форумын»
өткізу. «Әсілі мен бұл келісімді ратификациялаудың қажеттілігіне еш күмән
келтірмеймін. Алайда, бізде соңғы уақытта халықаралық форумдар көбейіп кетті.
Бұл жайында Президент те бірнеше мәрте айтты. Қазір біз ратификациялап
жатырмыз, ал бюджеттен бірден бес жүз мың доллар осыған кетеді. Бұл соншалықты
көп сома емес, дегенмен форумдар бірінен соң бірі қаптады», – деді Сенат
спикері. Сондай-ақ спикердің пайымдауынша, мемлекеттік органдар “жасыл”
экономикаға қолдау көрсете отырып, электронды құжатты дамытудың орнына, қағазды
көп рәсуалайды. “Олай болса бізге осындай форумдар қажет пе? Бұл
ратификация бізге не береді, тағы да тойлап қалу ма? Ал қатардағы Қазақстан
халқына одан не пайда?”, – деді сенатор Владимир Бобров.

  Бүгінде бюджеттен 500 мың доллар
қаражат қарастырылған. Бұл соншалықты көп сома емес. “Әрине БҰҰ-мен
ынтымақтастық керек. Десе де онда жұмыстың қалай жүргізлетініне мен қанықпын.
Олар форумдардың дамушы елдерде, әрт түрлі елдерде кезекпен өткізілгенін
қалайды. Сондықтан осы мәселелерді Сыртқы істер министрлігінің қайта
қарастырғаны жөн. Күні кеше G-global-ды аяқтадық, тағы бір форум тұр алдымызда. Одан кейін тағы да солай өте
береді”, – деді Тоқаев мырза.