Бақытгүл Хаменова:100 жаңа оқулық – қазақ қоғамының жаңа көкжиегі

Бақытгүл Хаменова:100 жаңа оқулық – қазақ қоғамының жаңа көкжиегі

Бақытгүл Хаменова:100 жаңа оқулық – қазақ қоғамының жаңа көкжиегі
ашық дереккөзі
1410
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына Ұлы халық қана қоя алады», – деді. Рухани мұрамыз неғұрлым бай, құнарлы болса,  өткен мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән-мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеямыз жоғары, тарихи үлгі-өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті ұрпақ тәрбиеленуі еш күмән тудырмайды. Ұлттық мұрамыз арқылы ата-бабаларымыз өзінің рухани жан дүниесінің мұң- шерін, асқақ арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп, көкірегіне ұялатқаны анық. Оған бүгінгі ұрпақ куә.  Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген рухани-мәдени мұрасының тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өмір талабы болып отыр. Ұлттық тәрбиенің ұлттық құндылықтардан нәр алатын адамгершілік ұстанымдары мәдени құндылық ретінде ғасырлар қойнауынан нәр алып, тепе-тең, өзіне байыта, астаса түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде, адамдықтың, руханилық пен имандылықтың негізі ретінде мәдениет кеңістігіне жетелеп отырады. Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Тәрбие ұлттық табиғи тамырынан кіндік үзсе, тәрбиелік қасиетін жоғалтады. Сондықтан оны рухани тұрғыда ұлт тағдырымен байланыстыра отырып, бүгінгі қоғам келбетімен санаса отырып, алға бастыру қажет. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, ел игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер көрініс тапты. Ұлттық құндылықтармен болашақ сауаттылығы да мақалада айтылды. Елбасы мақаласында алты үлкен жоба аталды. Сол жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық». Жоба мақсаты – әлем мойындаған құнды еңбектерді тек қазақ тіліне ғана аударып қана қоймайды, сондай-ақ, әр оқырманға қазақ тіліндегі жаңа мағлұматтар алуға мүмкіндік болса, қазақы интеллектуалды, гуманитарлық орта, оқытушылар мен студенттердің өміріне, ертеңіне тікелей қатысы бар мол мұра деуге болады. Жалпы қандай да бір мақсатқа жету үшін алдымен нақты теориялық негіз керек. Осындай негіз тәжірибеден жинақталған белгілі бір дәлелдемелерге арқа сүйейді. Ал әлеуметке арналған құнды да қазыналы байлығымыз – кітап айтқандарымыздың бастауы болары хақ. Әлемнің үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару студенттердің білім деңгейін арттырып, жеке адам және маман ретінде табысқа жетуіне де жол ашады. Рухани ізденіс, бастауыш, жол көрсеткіш болып табылады. Қазақ тіліндегі арнайы оқулықтар арқылы тілдік мәртебенің де өсері анық. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдауларды уақтылы, мақсатты пайдаланып, діттеген межеге жету бүгінгі күннің басты талабы.

Серіктес жаңалықтары