Түркістанда 5 мың орындық мешіт ашылады

/
Түркістанда 5 мың орындық мешіт ашылады
Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіттің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан облысының әкімдігінің мәліметінше, қазір мешіттің қасбеті, мұнарасы, электрмен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам мен 9 техника жұмылдырылған.

Заман талабына сай салынып жатқан мешіттің құрылыс алаңына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, жауапты басшылармен кездесті. Ол жұмысты сапалы және уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысы осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған.

Шығыстық нақыштағы еңселі мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Жоба құны – 32 млрд. теңге. Жер аумағы 7,7 гектарды құрайтын мешіттің іргетасы 2019 жылы құйылған. Ислам орталығының жалпы аумағы – 4650 шаршы метр. Биіктігі 61 метрлік мұнаралармен көмкерілген мешіт қазіргі заман талабына сай озық үлгіде салынуда. Құрылыс жұмыстарын «МонтажСтройКом Экстра» ЖШС мердігер мекемесі атқарып жатыр. Қазіргі уақытта сыртқы қасбет пен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Абаттандыру аумағы – 4,2 гектар, бұл бағыттағы жұмыстар 85 пайызға аяқталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары