11 қараша күні Ленгер қаласындағы №55 ҚАЖ мекемесінің аумағына кіріп келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде бақылау тобының сарбазы Әділет Нұрланұлы цемент салынған қапта жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеріс барысында ұландық сарбаз 10 ұялы телефон, 11 SIM-карта, 2 қуаттау құрылғысын тәркіледі.
Айта кетсек, күн сайын шамамен мыңға жуық ұландық мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеуде. Мұндай нәтижелер – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қырағылығы мен кәсібилігін жоғары деңгейде екенін дәлелдейді. Олар күнделікті қызметте ҚАЖ бөлімшелерімен тығыз өзара әрекеттесе отырып, мекемелердегі қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етеді.