3 жігітті көлік үстіне шығарған жүргізуші айыпталды

3 жігітті көлік үстіне шығарған жүргізуші айыпталды

3 жігітті көлік үстіне шығарған жүргізуші айыпталды
ашық дереккөзі
285

Медеу шатқалында жүріп келе жатқан Honda көлігінің төбесінде тұрған белгісіз үш жігіттің видеосы Youtube желісінде пайда болған еді. Енді Алматы қаласының полициясы аталмыш көліктің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғап отыр.

Ғаламторға жүктелген бейнеқатарда көліктің мемлекеттік нөмірі анық көрінеді. Ал қалалық полиция тәртіп бұзғандарды Қазақстан Республикасы Әкімшілік қылмыстық кодекстің 539-бабының 1-тармағына сай жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін айыптады. Оларға арнайы әкімшілік хаттама толтырылып, бұл іс сотқа жөнелтілмек. Ереже бұзған жүргізушіге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы ықтимал. Ал Алматы қалалық ІІД қызметкерлері жолда мұндай есерсоқтық жасауға тыйым салынғандығын, бұл өзге жол қозғалысына қатысушылар өміріне қауіп төндіретіндігін айтады. Бейнероликтегі көлікті жүргізушісі 1993 жылы дүниеге келген Алмалы ауданының тұрғыны екен.

Серіктес жаңалықтары