Астана Жюльет Биношты күтіп алмақ

Сондай-ақ!

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына берген сұхбатынан қысқа да нұсқа үзінді ұсынады. Былтыр біздің елден 45,2 мың адам...

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған., -...

«Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған» Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған...

«Қазақконцерт» МКҰ директоры Жеңіс Сейдоллаұлының айтуынша, бұл өте ауқымды мәдени іс-шара, себебі елорданың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 16-29 маусым аралығында өтетін ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі елордалықтар мен қала қонақтарының үздік театр қойылымдарымен танысуына мүмкіндік береді. Дүниежүзілік мега жобаның ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы. ІІ Дүниежүзілік театр фестивалінің шымылдығы 16 маусым күні «Қазақстан» орталық концерт залында ашылады.

Қазақстан театрлары ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемиров былтырғы жылы Астанада өткен Дүниежүзілік театр фестивалі қазақ кино және театр өнерінің мэтрі А.Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналғандығын, ал биылғы ІІ Дүниежүзілік театр фестивалі Елордамыздың торқалы тойына үлкен сый екендігін және жыл сайын дәстүрлі түрде фестивальдің болатынын, фестиваль аясында қандай театр ұжымдары өнер көрсететінін мәлімдеді. Өзінің үздік қойылымдарын айтулы қазақстандық өнер ұжымдары – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық-драма театры, «Астана мюзикл» театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұсынады. ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінде әйгілі әлемдік театр ұжымдары бас қоспақ: «Piccolo Teatro di Milano» (Италия), «1927» (Ұлыбритания), «Meno Fortas» (Литва), «TRWarszawa» (Польша), Ш.Руставели атындағы Грузия мемлекеттік академиялық театры (Грузия), «Beijing People’s Art Theatre» (Қытай), «Nakamura Gekijo» (Жапония), Өзбек ұлттық академиялық драма театры (Өзбекстан), «Московский губернский театр», Ленсовет атындағы Санкт-Петербург академиялық театры (Ресей).

Сонымен бірге фестиваль шеңберінде белгілі француздық кино және театр актрисасы, Оскар сыйлығының, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» жүлдесінің, Берлин, Венеция кинофестивальдері сыйлығының иегері Жюльет Биноштың өнерін, шеберлік сыныптарын тамашалау сәті түспек.

Қазақстан театрлары ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімов сөзін «Театр – актерлердің лабораториясы» деп бастап, «Астана» театр фестивалі халықаралық дәрежедегі өте ірі мәдени іс-шара екендігін және фестивальға қатысатын театр сыншылары жөнінде баяндады. Театр өнеріндегі кәсіби шығармашылық ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында фестивальға Алексей Бортошевич (Ресей), Йонас Вайткус (Литва), Давид Асатиани (Франция), Беатрис Пикон-Валлен (Франция), Есихиро Накамура (Жа­пония), Давид Папава (Ұлыбритания) сынды Еуропа мен Азияның белгілі театр сыншылары мен драматургтері қатысады. Өзге мемлекеттің театр өнерін тамашалау дүйім жұртқа қызық болары сөзсіз.

Ұйымдастырушылар спектакльдердің «Қазақ­стан» орталық концерт залы, «Энер­гия хо­лы», Бейбітшілік пен келісім сарайы, М.Горь­кий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры және Қ.Қуа­нышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры сахналарында қойылатынын жеткізді.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, белгілі театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешева аталмыш фестиваль былтыр Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына арналса, биыл Елорданың 20 жылдығына арналып отырғанын айтып өтті. Мұндай театр фестивальдерінің өткізілуі – біздің жас ұрпақ үшін маңызды үрдіс. Себебі біздің жастар өзге елдің театр ұжымдарының өнерін тамашалап қана қоймай, мол тәжірибе алмасады. Осындай халықаралық тәжірибе отандық режиссерлер, театртанушылар мен актерлер үшін өте маңызды.

Баспасөз конференциясы соңында «Қазақконцерт» МКҰ директоры Жеңіс Сейдоллаұлы барлық астаналықтар мен қала қонақтарын осы айтулы шараға шақырып, игі іс-шаралар жылдан-жылға өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

 

 

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірігіп өндіруге келісті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы...

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20,...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады....

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...