Мадридтік «Реал» үшінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Киевте өткен турнир финалында корольдік клуб ағылшындардың «Ливерпуль» командасын 3:1 есебімен жеңді. Командалар бірінші таймда есеп аша алмаған еді.
Бірінші гол 51-минутта соғылды, оны Карим Бензема соқты. 54-минутта Сидио Мане есепті теңестірді.
63-минутта Гарет Бейл «Реалды» алға шығарып, 83-минутта тағы бір гол соқты.
Айта кетейік, бұл «Реал» үшін Чемпиондар лигасындағы 13-нші жеңіс және бұл – рекорд. Мадридтік клуб үшінші жыл еуропалық басты турнирді жеңіп отыр.