317
Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін баспана бағдарламасын құруды ұсынды
Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін баспана бағдарламасын құруды ұсынды
ҚР Парламентінің депутаты Дариға Назарбаева «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дөңгелек үстел отырысы барысында Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы баспана бағдарламасын құруды ұсынды. «Халықты баспанамен қамту бағдарламалары бойынша баяндамалардан жалпы жағдайды көрген жоқпын, қанша адам баспанаға мұқтаж. Қай санаттағы адамдар әлеуметтік осал болып саналауы керек?. Дәрігерлер мен мұғалімдердің мүмкіндіктері қандай? Бұл да үлкен азаматтық сектор, олар баспана алуда бірқатар қиындықтарға тап келеді. Бірде-бір бағдарлама олардың баспана мәселесін шеше алған жоқ. Еңбекақылары айтарлықтай төмен, мемлекеттік қызметшілерді де осы санатқа жатқызуға болады. Олар арналған тұрғын үй бағдарламасы жоқ. Баспанамен қамтудағы жалпы жағдайлары қалай, Қазақстанның барлық санатындағы азаматтар қашан баспанамен толық қамтылады?», - деп сұрақ қойды Дариға Назарбаева. «Кей мұғалімдерді үйдегі отағалары баспанамен қамтамасыз етуі мүмкін. Енді бір мұғалімдер бүкіл отбасын асырауға мәжбүр. Оларға қалай көмектесеміз? Менің ұсынысым - әскерилер секілді, мұғалімдер мен дәрігерлерге де арнайы баспана беру бағдарламасы жасалуы тиіс. Бұл өте өзекті мәселе, қанша шаршы метр баспана салсақ та, өзекті күйінде қалып отыр», - деді Дариға Назарбаева. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 468 мың адам атқару органдарында баспана кезегінде тұр. Ал 1 млн 96 мың адам - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының қатарында.