Қажыларға арналған бірегей киім

Қажыларға арналған бірегей киім

Қажыларға арналған бірегей киім
ашық дереккөзі
292
Қасиетті Ораза айы да келіп жетті. Биыл рамазан айы мамырдың 17-сіне сәйкес келді. Осыған байланысты Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мәлімдеме жасаған болатын. «Мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың (рамазанның) тууын күтулері керек. Жаңа ай көрінсе, онда келесі күні ораза ұстайды. Егер көрінбесе, сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары осы хадисте айтылған шағбан айының 29-ыншы күні 15 мамырға, ал 30-жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туылатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр – рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз. Биыл ҚМДБ жанындағы «Қажылық қоры» ұйымдастырған отандық дизайнерлер арасындағы қажыларға арналған киім үлгісі байқауы өтті. Байқауға 14 дизайнер қатысты. Ұсынылған жұмыстардың баға берушілері киімнің ыстық ауа райына қолайлылығы мен ұлттық нақыштың болуына назар аударған. «Абырой.кз» фирмасы ұсынған киім барлық талаптарға сай деп танылып, бас жүлде иеленді. Жеңімпазға Умра қажылығына барып-қайтуға тегін билет берілді. ҚМДБ төрағасының орынбасары Бауыржан Есмаханның айтуынша, Қазақстанда 18 қажылық фирмасы бар екен. «Бұл – қажылық парызын өтеуге аттанған отандастарымыз 18 түрлі киім киеді деген сөз. Сондықтан да, бірлігімізді көрсету үшін бірегей киім үлгісін қалыптастыру керек болды», – дейді ол. Енді еліміздегі барлық қажылық фирмалар қажылыққа барушыларға стандартты киім үлгісін ұсынатын болды.

Дарын ҚҰРМАНҚҰЛ

Серіктес жаңалықтары