Серік Ахметов сотқа келді

Серік Ахметов сотқа келді

Серік Ахметов сотқа келді
ашық дереккөзі
301

Экс премьер-министр Серік Ахметов Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына келді. Аталмыш сот залында Серік Ахметовтің ісіне қатысты алдын ала тыңдау басталды.

Серік Ахметовтің ісі бойынша экс премьермен қатар 21 адам сот алдында жауап береді. Олардың ішінде Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов бар. Аталған тұлғаларға қатысты істі Қарағандының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев қарайды деп хабарланған болатын. Естеріңізге салсақ, бұрынғы премьер-министрге аса ірі көлемде  бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты, аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылған. Серік Ахметов 2014 жылдың қараша айынан бері үй қамауында отыр.

Серіктес жаңалықтары