266
Семейде 15 жаңа қоғамдық автобус пайдалануға берілді
Семейде 15 жаңа қоғамдық автобус пайдалануға берілді
Семейде 15 жаңа қоғамдық автобус қозғалыс бағытына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Daewoo» маркілі автобустар Семейдегі көлікқұрастыру зауытында жасалған. № 4 бағытта қатынайтын қоғамдық көлік қаланың сол жағалауындағы «Жастық шақ» ауданынан оң жағалаудағы «Қарағайлы» мөлтек ауданына дейін қатынайды. Автобустар евро-5 экологиялық талаптарына сай келеді. Барлығында GPS құрылғылар орнатылған. Алдағы уақытта «WI-FI» жүйесімен қамту жоспарда бар. Қала басшылығы заманауи қоғамдық көліктердің санын арттырып, тозығы жеткен автобустарды алып тастауды көздеп отыр.
Айта кетейік, әр автобустың құны 40 млн теңгені құрайды.
«Өткен жылы орта санаттағы 20 автобусты сатып алынғанын білесіздер. Енді олардың қатарына тағы 15 жаңа көлік қосылды. Қуантатыны - олардың түгелі жергілікті зауытта құрастырылған. Алдағы уақытта «Газель» сияқты шағын автобустар мүлдем қолданыстан шығарылады. Мақсатымыз қоғамдық көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.