Джордж Буш ауыр сырқатпен ауруханаға түсті

93 жастағы үлкен Джордж Буш ауруханаға түсті. АҚШ-тың 41 президентінің жағдайы жұбайы қайтыс болғаннан кейін нашарлап кеткен. Бұл туралы CNN хабарлады. 

Үлкен Буш сепсистің (қанға түсіп кеткен инфекция организмді зақымдады) кесірінен жансақтау бөліміне жатқызылды. Әйгілі отбасының өкілі экс-президент ем қабылдауда және оның жағдайы туралы жедел ақпарат беріп тұратынын хабарлады.

Үлкен Джордж Буштың денсаулығы 18 сәуірде жұбайы қайтыс болғаннан кейін сыр берген. 92 жасында көз жұмған Буш ханым ұзақ уақыт қалқанша безін зақымдайтын Грейвс ауруымен ауырған.

Айта кетейік, Джордж Герберт Уокер Буш 1924 жылы 12 маусымда Массачусетс штатындағы Милтон қалашығында дүниеге келді. Ол 1989-1993 жылдар аралығында АҚШ-тың президенті болды. Үлкен Джордж Буш мемлекет тарихындағы ең ұзақ өмір сүріп жатқан жалғыз экс мемлекет басшысы.

 

Back to top button