ҚазҰУ диплом тапсыру рәсіміне қатысты ресми түсінік берді

/
ҚазҰУ диплом тапсыру рәсіміне қатысты ресми түсінік берді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түлектер санының көп болуына орай дипломдарды тапсыру 1 шілдеден 12 шілдеге дейін жоспарланған. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабаралды turkystan.kz.

ЖОО-ның ақпаратынша, биыл университетті 7 080 студент бітірді. Олардың 5 410-ы бакалавр, 1 163-і магистр, 507-сі докторант дәрежесін алды. 1 404 түлек үздік диплом иегері атанды. 

"Бірінші күні өткен диплом тапсыру рәсіміне халықаралық басылымдарда мақала жариялаған, ғылыми жобаларға қатысқан, сондай-ақ университет пен факультет өмірінде белсенділік танытқан студенттер қатысты. Қатысушылар тізімі  факультеттер тарапынан бекітілген.

Іс-шараларға түлектермен бірге ата-аналар, кішкентай балаларымен туыстары, сондай-ақ достар және мобилографтар, фотографтар қатысып жатыр.

Салтанатты рәсім күн сайын аумағы 5 000 шаршы метрді құрайтын Farabi Hub орталығында жүзеге асып жатыр. Орталықта LED-экран, екі баннер, дыбыс аппаратурасы, сөз сөйлеуге арналған трибуна, екі фотоаймақ, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен туыстарының отыруына арналған 800 орын қойылған.

Рәсім өткізу үшін дипломдарды тапсырудың бірыңғай сценарийі мен регламенті бекітілді.

Farabi Hub орталығында кондиционерлер, салқындатқыш желдеткіштер, буфет және медициналық бекет жұмыс істейді. Сыртқы аумақ баннермен безендіріліп, орындықтар орнатылған.

Кампус аумағында ҚазҰУ қалашығының карталары және Farabi Hub орталығының орналасқан жерін көрсететін сілтемелер ілінген. Атап айтқанда, карталар ҚазҰУ аркасы, автотұрақ, Әл-Фараби ескерткіші, СЗПУ филиалының ғимараты, Әл-Фараби кітапханасы аллеясы және сағат мұнарасының жанында орналасқан", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ университет әкімшілігі арнайы екі автобус бөлді. Қонақтардың ыңғайлылығы үшін Тимирязев көшесінен Farabi Hub орталығына дейін – түлектерге, олардың ата-аналары мен туыстарына тасымалдау ұйымдастырылды. Барлық келушілерге университеттің аумағына кіруге рұқсат берілді, сондай-ақ автотұрақтан арнайы орын бөлінді.

Қызығушылық танытушылар күн сайын диплом табыстау рәсіміне келіп, көз жеткізуіне болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары