«Астана университетінде оқиды» деп тіркелген мигранттарға қатысты іс қозғалды

/
«Астана университетінде оқиды» деп тіркелген мигранттарға қатысты іс қозғалды
polisia.kz

Ішкі істер министрлігі шетелдіктерді заңдастыру арналарын анықтап, жойды. Бұл арналар ХҚКО мен оқу орындарының атымен жасырын жұмыс істеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталған оқиғалардың бірі көршілес елдің тумасына қатысты. Ол Қазақстанда уақытша тұруға рұқсаттарды заңсыз рәсімдеумен айналысқан. Ол үшін арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жасалған жалған құжаттар пайдаланылған.

«Дайын медициналық бланкілер, жалған мөрлер, электрондық тасымалдаушылар мен қаржылық құжаттар тәркіленді», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Екінші схема елордалық жоғары оқу орнында жүзеге асқан. Онда екі қызметкер 68-ден астам шетел азаматын оқу үшін жалған шақырып, олар үшін кәсіпкермен формалды келісімшарт жасап, оқу процесі имитацияланған. Шын мәнінде бұл "студенттер" Алматыда жұмыс істеген.

Аталған екі факті бойынша "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Жыл басынан бері осындай сегіз арна анықталып, жойылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары