Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режим енгізілді

Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режим енгізілді. 2018 жылдың 23 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында Астана және Алматы арқылы қазақстандық әуе компанияларының транзитімен үшінші елдерге ұшатын Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режім енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР үкіметінің тиісті қаулысына 10 сәуірде қол қойылған. «Эйр Астана» ұшақтары Алматыдан Делиге күнделікті ұшып тұрады. Ал Астанадан Делиге ұшақ аптасына үш рет қатынайды. Үндістанның астанасына жолаушыларды жабдықталған Airbus және Embraer авиалайнерлері тасымалдайды. Қазақстан мен Үндістанның астаналарын жалғайтын тікелей рейс 2017 жылдың 2 шілдесінде енгізілген», – делінген хабарламада. Авиахабарлама жұмысын бастағалы бері екі елдің әуе рейстері арқылы 570 мың жолаушы және 5,6 мың тонна жүк жеткізілген. Делиден келе жатқан транзиттік жолаушыларға Киев, Ыстанбұл, Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Новосібір, Бейжің, Үрімжі, Тбилиси, Бішкек, сонымен қатар Лондон, Франкфурт және Парижге ұшу мүмкіндігі бар. Осыған ұқсас визасыз режім ҚХР азаматтары үшін де қолданылуда.

Back to top button