Еліміздегі ең үздік банк Лондонда марапатталды

Еліміздегі ең үздік банк Лондонда марапатталды

Еліміздегі ең үздік банк Лондонда марапатталды
ашық дереккөзі
373

«Қазақстан халық банкі» АҚ еліміздегі ең үздік банк деп танылды. Мұны Euromoney журналы анықтаған. Бұл туралы «Қазақстан халық банкі» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Лондонда  Euromoney баспасының Euromoney’s Awards for Excellence 2015 марапатын табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат – ерекше жетістіктері үшін Орталық және Шығыс Еуропадағы компанияларға берілетін беделді халықаралық  сыйлық. Биылғы жылы қазақстандық қаржы институттары арасындағы ең үздігі «Қазақстан халық банкі» Ақ болып танылыпты. Euromoney баспасы қазақстандық банкті өз активтері сапасының арқасында жетістікке жеткендігін атап өткен. Баспасөз қызметінің хабарламасында: «Euromoney марапаттарын беру туралы шешімдер нарық қатысушыларынан алынған толық есептерді талдау және баспаның сарапшылары өткізген өңірдегі банктік сектор мен борыштық капитал нарықтарына жыл бойы жүргізетін көлемді зерттеу нәтижелері бойынша қабылданады», – деп көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары