Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа салық режимі енгізіледі

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа салық режимі енгізіледі

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа салық режимі енгізіледі
ашық дереккөзі
Елімізде арнайы салық режимі – бірыңғай жиынтық төлемін енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шараларын жеңілдетіп, бейресми жұмыспен қамтылған xалықтың қызметін заңдастыру үшін жаңа арнайы салық режимі – бірыңғай жиынтық төлемі енгізіледі. "Ол төрт төлемді біріктіреді. Оған жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жарналары кіреді. Бірыңғай жиынтық төлемі автоматты түрде қызметті тіркеуді, медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатысуды білдіреді. Бірыңғай жиынтық төлемі, ең бірінші, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылыққа, үй жұмыскерлеріне, сауда нысандарында арнайы орындары жоқ жеке тұлғаларға арналып отыр. Сондай-ақ, бұл төлем жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтындарға бағытталады. Жаңа салық режимі жеңілдетілген және патент режимдерімен қатар жұмыс істейтін болады", — деді Әбілқасымова үкімет отырысында.