Путин Аман Төлеевті қызметінен босатты

Владимир Путин Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің отставкасын қабылдап, оның құзыретін мерзімінен бұрын тоқтату туралы бұйрыққа қол қойды. Аймақ губернаторының міндетін атқару уақытша Сергей Цивилевке жүктелді. 

Бұған дейін Ресейдің Кемерово облысын 21 жыл бойы басқарып келген Аман Төлеев мәлімдеме жасап, өз қызметінен кететінін айтқан еді. Оған Кемерево қаласының сауда орталығындағы қайғылы оқиға себеп болды. Осыған байланысты Аман Төлеев: «Кемерово 25 наурыз күні қайғы жамылды. Өрт салдарынан 64 адамнан айырылдық. Көпшілігі балалар. Осы оқиға менің де қабырғамды қайыстырды. Дүниеден өткендердің туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Мен де күйзелісте жүрмін. Және бұдан әрі аймақты басқаруым дұрыс емес деп шештім», – деген еді.

Back to top button