ҚАЗКОММЕРЦБАНК “САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНАН 120 МЛРД. ТЕҢГЕ АЛДЫ

ҚАЗКОММЕРЦБАНК “САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНАН 120 МЛРД. ТЕҢГЕ АЛДЫ

ҚАЗКОММЕРЦБАНК “САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНАН 120 МЛРД. ТЕҢГЕ АЛДЫ
ашық дереккөзі
214

Қазкоммерцбанк “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорынан 2009 жылдың 30-шы қаңтар күнi 120 миллиард теңге алғанын хабарлайды.

Аталған соманың 36 миллиард теңгесi депозитке тиесiлi. Депозит мерзiмi 6 ай. Бұл соманы “Самұрық-Қазына” қоры банктiң 25% акциясын сатып алу үшiн пайдаланады деп жоспарлап отыр. Ал қалған 84 миллиард теңге мөлшерiндегi сома салым ретiнде 36 айға салынып, үкiметтiң дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында жұмсалатын болады. Бұл қаражат экономиканың нақты секторындағы – өнеркәсiптегi, аграрлық кешендегi, инфрақұрылымда, мұнайгаз секторында, транспорттық және қайта өңдеу саласындағы банктiң корпоративтi клиенттерiн қаржыландыруға және қайта қаржыландыруға жұмсалады. Орналастырылған депозиттердiң арқасында банк өз қарыз алушыларына қазiргi пайыздық мөлшерлеменi төмендете алады. Салым қаражатын көзделген мақсаттарға пайдалануды бақылау тәртiбi “Самұрық-Қазына” қорымен алдыңғы екi аптаның iшiнде шешiлетiн болады. Қазақстан үкiметi Қазкоммерцбанктi әлемдiк қаржы дағдарысы кезiнде отандық экономиканы қаржылай қолдау мақсатында кешендi шараларды жүзеге асыратын әрiптес ретiнде таңдады. Осыған дейiн 2009 жылдың 15-шi қаңтарында “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры банкпен және оның негiзгi акционерлерiмен үкiметтiң тұрақтандыру бағдарламасы аясында бiрлескен шараларды белгiлейтiн құжаттарға қол қойды. Қазкоммерцбанк – Орталық Азиядағы ең iрi банктердiң бiрi. 2008 жылдың 30-шы қыркүйегiндегi жағдайға сәйкес банк активi 2 835 млрд. теңгенi құрады. Өткен жылдың аудиттелген 9 айдың есебiне сәйкес банк Қазақстан экономикасын қаржыландыру мөлшерi (2 254 млрд. теңге) бойынша алдыңғы орында келедi. Банктiң iрi акционерлерiнiң қатарында – Еуропалық Қайта құру және Даму Банкi, Орта Азиялық инвестициялық компаниясы, банктiң Директорлар кеңесiнiң төрағасы Нұржан Сұбханбердин және араб инвестициялық қоры бақылайтын Alnair Capital Holding-i. Банктiң 20%-ға жуық акциясы депозитарлық қолхат ретiнде әлемдiк қор нарығында айналыста қолдануда.

Ә.БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары