YНДIЛЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

YНДIЛЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

YНДIЛЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ашық дереккөзі
195

Үстiмiздегi жылдың 23 қаңтарында ҚР Президентi Үндiстанға iссапрда болып қайтты. Кездесулердегi басты мәселе екiжақты серiктестiк қарым-қатынасты нығайту, энергетикалық саланы, ғарышты бейбiт мақсатта игеру, мәдени-гуманитарлық сала, ақпараттық және бiлiм беру т.б. талқыға салынды.

Үндiстанның тәуелсiздiк күнiне орай ұйымдастырған мерекелiк шараларына мәртебелi қонақ ретiнде қатысқан Қазақстан Президентi Үндiстан мен Пәкiстан арасындағы ушыққан саяси ахуалды реттеуге арағайындық жасауға әзiрлiгiн бiлдiрдi.

Қаржылық дағдарыстың кесiрiнен тығырыққа тiрелген әлемдiк экономика бүгiнде қаражат тапшылығына ұрынды. Сырттан инвестиция тартуды әр мемлекет “өзiм дегенде өгiз қара күшiм бар” қағидасын негiзге алуға мәжбүр. Iссапар барысында ұйымдастырылған Делидегi бизнес-форумда Н.Назарбаев үндi кәсiпкерлерiн Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. IТ-технология, фармацевтика, металлургия, химия өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы секiлдi басқа да салалардың қаражат салуға тиiмдi екенiн айтқан ҚР Президентi былтыр екi ел арасындағы сауда айналымының алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есеге өскенiн көлденең тартты. 1991 жылы тәуелсiздiгiн жариялаған Қазақстан егемен ел ретiндегi ең алғашқы дипломатиялық сапарын 1992 жылдың ақпанында Үндiстаннан бастаған. Үндiлер үшiн орталықазиялық аймақтағы ең iрi серiктес мемлекет саналатын Қазақстан мен Үндiстан арасындағы тауар айналымы 2007 жылы 195,7 млн. долларға тең болатын Бұл көрсеткiш 2008 жылдың алғашқы 11 айында 332 млн. долларға жеткен. Оның iшiнде, қазақстандық экспорт – 149,7 млн. доллар, ал үндiлiк импорт – 182,7 млн. доллар. Қазақ елiнен үндiлерге тұз, терi шикiзаты, қара металл, цемент т.б. тауарды экспорттаса, Дели Астанаға кофе, шай, темекi, дәрi-дәрмек, пластмасса, каучук, резеңке өнiмдерi, электрлiк машиналар, механикалық құрал-жабдықтар т.б. тасымалдайды. Қазақстан жыл сайын дәрi-дәрмектi 500 млн. долларға сырттан тасымалдайды. Елбасы фармацевтика саласына құйылатын инвестицияны пайдалана отырып, республикамыздан дәрi-дәрмек шығаратын фабрикалар ашуға ұсыныс бiлдiрдi. Ресми деректерге сүйенсек, Үндiстан экономикасына салынған қазақстандық инвестиция көлемi 63,3 млн. доллар болса, бiздiң елiмiзге үндi кәсiпкерлерi тарапынан салынған қаражат 61,9 млн. долларға жуық. Сондай-ақ, мұнай мен атом саласында да көптеген келiсiмдерге қол қойылды. Үндiнiң қалталыларын Қазақ елiне шақырған Назарбаев серiктестiк және экономикалық ынтымақтастың қарқынын арттыра түсу керек деген ұстанымын бiлдiрдi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары