ДЕРБЕСТIК ЖОЛЫНДАFЫ КYРЕС

ДЕРБЕСТIК ЖОЛЫНДАFЫ КYРЕС

ДЕРБЕСТIК ЖОЛЫНДАFЫ КYРЕС
ашық дереккөзі
407

Брюссель мен Будапешттегi екi саммитке де Ресей мен Иран шақырылған жоқ. Өйткенi, энергеткиалық қауiпсiздiк мәселесiмен бас қатырған кәрi құрлық тасымал жолдарын дербестендiрудi Ресейдiң қатысуынсыз шешуге мүдделi.

Украиндар мен орыстар арасындағы газ дауынан бiр емес, бiрнеше рет зардап шеккен кәрi құрлық еуропалық тұтынушыларды көмiрсутегiлермен қамтамасыз етудiң Ресейдi айналып өтетiн балама жолдарын қарастыруға шындап кiрiстi. Сейсенбi күнi Брюссель мен ЕО-ның жаңа мүшесi – Венгрия астанасы Будапештте өткiзiлген екi саммит энергетикалық қауiпсiздiк мәселесiн шешуге арналған едi. Брюссельде Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттiң сыртқы iстер министрлерi бас қосса, Будапештке еуропалықтардың басты жобаларының бiрi – Nabucco газ құбырын салуға мүдделi барлық топ жиналды. Газ экспортының басым бөлiгi батыстық нарықтың үлесiндегi Ресей де қарап жатқан жоқ, баға саясатына қатысты Киевпен келiсiмге келгеннен кейiн Украинаны айналып өтетiн балама тасымал жолдарын iздестiрiп жатыр. Еуроодаққа төрағалық етушi Чехия Украина мен Ресейдiң газ тасымалы мәселесiнде сенiмiнен айырылғандығын ашық мәлiмдедi. Оны ЕО-ға мүше мемлекеттердiң барлығы дерлiк құптайды. Сондықтан екi астанадағы кездесудiң түпкi мақсаты мен мұраты бiр – Nabucco жобасын тезарада iске асыру. Қазақстан, Әзiрбайжан, Түркiменстан, Грузия, Түркия, Германия, Австрия, Болгария, Румыния, Египет, АҚШ, Венгрия мен Ирак өкiлдерi қатысқан будапешттiк кездесуге Иран мен Ресейдiң шақырылмауы да тегiн емес. Жалпы құны шамамен алғанда – 12 млрд. еуро, ал ұзындығы 3,3 мың шақырымға созылатын Nabucco Түркияның Ерзұрым қаласынан Австрияның Баумгартен қаласына дейiн, одан ары Болгария, Румыния мен Венгрияға дейiн тартылмақ. Басқосуға Қазақстан, Әзiрбайжан, Түркiменстанның өкiлдерiнiң шақырылуы кәрi құрлықтың орталықазиялық аймақтағы көмiрсутегiлерге бай мемлекеттердiң тамырын басып көру жатса керек. Бұған дейiн Еуропалық Одақтың Nabucco-ға қатысты айтқан ұсынысын қолдайтындықтарын бiлдiрген үш ел де энергетикалық қорларын Еуропаға Ресейдiң қатысуынсыз тасымалдауға мүдделi. Әрине, Орталық Азияға тиесiлi табиғи ресурстарды уысында ұстауға жанталасатын Кремль қазақ, әзiрбайжан, түркiменнiң батыстық нарыққа тiкелей шығуын әсте қаламасы анық. Күнi кеше ғана Бакуге әзiрбайжандардың қорындағы барлық табиғи газ қорын түгел сатып алуға ұсыныс бiлдiрген “Газпром” әзiрбайжандардың арзан газын кәрi құрлыққа бiрнеше есе қымбатқа сатып, пайдаға шаш-етектен кенелудi, ең маңыздысы, әлемдiк саяси сахнаға ықпал етуде басты құрал ретiнде көмiрсутегiлердi пайдалануды көздейдi. Қазақстанға да қайта-қайта серiктестiкке қатысты ұсыныстар айтып, Астана мен Мәскеу арасын ескi сүрлеуге айналдырған кремльдiк шенеунiктер қазақтар уыстан шығып кетпесе деп алаңдайды. Бұл түркiмендер мен өзбектерге де тiкелей қатысты. “Газпром” Өзбекстаннан Ресейге дейiн тартылатын Орта Азия – Орталық газ құбырының жобасын қарастыруда. Өзбекстан президентi Ислам Кәрiмов өзбек газының тек Ресейге ғана сатылатынын, ал одан ары кiмге және қайда сатам десе, “Газпромның” еркi барын ресми түрде мәлiмдедi. Бұл – Өзбекстан РФ ықпалында деген сөз. Азияда да, Таяу Шығыс пен Африкада да Еуроодақтың алдын орап кетiп жүрген Ресей Еуропалық Одақтың iшiне iрiткi салуға да кетары емес. Будапешттегi кездесуден бiр апта бұрын РФ президентi Дмитрий Медведев пен вице-премьер Виктор Зубков венгрелердiң Қара теңiз арқылы Еуропаға дейiн тартылатын South Stream газ құбырының жобасына қатысу мәселесiн талқыға салған болатын. Кремль Венгрияның Nabucco жобасына қатысуына тыйым сала алмайтыны белгiлi. Осы себептi, ресейлiк шенеунiктер еуропалық газ құбырының iске асырылатынына күмән келтiре отырып, сөзбен түйреп өтудi ұмытқан жоқ. Президент пен вице-премьердiң екпiнiне шыдай алмаған Венгрия Nabucco мен South Stream жобаларының екеуiне де қатысатын болып шештi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары