ОРТАЛЫҚТЫҢ ОҢДЫ ҚАДАМДАРЫ

ОРТАЛЫҚТЫҢ ОҢДЫ ҚАДАМДАРЫ

ОРТАЛЫҚТЫҢ ОҢДЫ ҚАДАМДАРЫ
ашық дереккөзі
212

“Алаш” тарихи зерттеулер орталығы 2005 жылдың мамыр айынан бастап, өз зерттеулерiн жүргiзiп келедi. Алғашқы күннен бастап бұл Орталыққа белгiлi тарихшылар тартылды. Бес жылға жуық мерзiмде ол орталық “Қазақ ру-тайпаларының тарихы” жобасы бойынша 20-дан астам кiтап шығарып үлгердi. Орталықта “Ежелгi және әуелгi ортағасырлар тарихы, Орта және кейiнгi ортағасырлар тарихы, шежiретану, жаңа заман тарихы және этнология бөлiмдерi жұмыс iстейдi.

Жақында бұл Орталықта “Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде” атты 80 томдық ғылыми жобаның алғашқы үш томдығының тұсаукесерi болып өттi. Тұсаукесерде Орталық президентi, тарих ғылымдарының кандидаты, Х.Ғабжалилов сөз сөйлеп атқарған жұмыстары мен алдағы iстерiне қысқаша тоқталды. Алдағы уақытта да “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша жұмыс атқарылатынын хабардар еттi.

Белгiлi ғалымдар мен зерттеушiлер бас қосқан мәжiлiсте көрнектi антрополог О.Смағұлов, тарих ғылымдарының докторы, академик, Қыпшақтану институтының директоры Б.Көмеков, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетiнiң кафедра меңгерушiсi, тарих ғылымдарының докторы М.Қойгелдi, “Халық үнi” қоғамдық қорының президентi С.Ғаббасовтар жиналғандармен пiкiр бөлiстi.

Үштомдыққа енген Жалайыр ру тайпасының өткенi мен бүгiнгiсi жайлы түрлi пiкiрлер ортаға салынды. Осынау басқосуда көрнектi әншi Н.Нүсiпжанов оқырмандар атынан Орталық қызметкерлерiне ән-дискi жинағын тарту еттi.

Орталық ғылыми кiтапхананың сирек кездесетiн қолжазбалар қорының меңгерушiсi Р.Тасболатова өздерiнiң “Алаш” тарихи-зерттеу орталығымен тығыз байланыста екенiн, республикада жоқ кiтаптар мен түрлi басылымдардың көшiрмесiн алуда бiраз iстердiң жасалғанын және шығып жатқан осынау еңбектерде кiтапханашылардың да үлестерi барлығына тоқталды.

Т.ДАЙРАБАЙ

Серіктес жаңалықтары