“ПАРЫЗ” СЫЙЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚ

“ПАРЫЗ” СЫЙЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚ

“ПАРЫЗ” СЫЙЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚ
ашық дереккөзі
610

Әне-мiне дегенше, Тышқан жылы да қыр асудың сәл-ақ алдында тұр. Әдеттегiдей жыл аяғында елiмiздiң барлық саласы атқарған жұмыстары жайлы есеп бередi. Әр компания өзiнiң қоғамдағы орнын айшықтап, қолға алған маңызды iстерi бойынша халық алдында мол шапағатқа бөленедi.

Ағымдағы жыл нәтижесiнде “Кәсiптегi әлеуметтiк жауапкершiлiгi үшiн” берiлетiн “Парыз” сыйлығына лайық иегерлер де айқындалмақ. Елбасының арнайы жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi және “Атамекен одағы” ұлттық экономикалық палатасы және республикалық кәсiподақтар федерациясы ұйымдастырған бұл аламанға елiмiздегi мыс өндiрушi iрi кәсiпорын – “Қазақмыс” корпорациясы да қатысып, бақ сынамақ.

Өйткенi, “Қазақмыс” корпорациясы күнi бүгiнге дейiн әлеуметтiк салаға қатысты жобаларды қаржыландырудан еш аянған емес. Әсiресе, мыстың Отаны саналатын – Жезқазған, Балқаш, Сәтпаев қалаларында соңғы заманауи технологиялармен жабдықталған емдеу-сауықтыру кешендерi мен салауатты өмiр салтын насихаттауға шақыратын спорт сарайларының салынуына түрткi болғандығының өзi корпорацияның қызметкерлер денсаулығына алаңдайтынын аңғартады. Тiптi, корпорация құрамында жұмыс iстейтiн қызметкерлер емдеу мекемелерiнде тегiн ем алса, олардың отбасы 50 пайыз жеңiлдiк арқылы емделе алатын жағдайға жеттi. Ал Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында Бiлiм беру-әдiстемелiк орталықтары, жерасты дайындық полигондары корпорацияның қаржысына салынған.

Бүгiнде 160 iрi әлеуметтiк маңыздағы нысанды қамқорлығына алып отырған компанияның жыл сайын бұл салаға бөлiп жатқан ақшасы да қыруар. Мәселен, 2006 жылы “Қазақмыс” өз бюджетiнен 77 млн. АҚШ долларын жұмсаса, 2007 жылы бұл қаржы 100 миллионға жетiп жығылған. Бiр айта кетерлiгi, корпорация биылғы жылдың 9 айында 92 млн. долларды шығындаған.

Сондай-ақ, “Қазақмыс” корпорациясы жыл сайын қарамағындағы қызметкерлердiң жалақысын көтеруге атсалысып келедi. Айталық, 2007 жылдың басынан берi айлық қоры 355 миллион теңгеге артса, кейiнгi екi жылда қор көлемi 43 пайызға артқан. Мұнымен қоса, компания басшылығы әлеуметтiк бағыттағы 150-ден аса жобаларды қаржыландырып келедi. Елiмiздегi балаларға арналған 36 мектепке дейiнгi оқу орнын қаржыландыруды өз мойнына алған. Қазiргi таңда бұл мекемелерде 5 568 бала бiлiм нәрiмен сусындап, тәрбие алып жатыр. Бұл салаға корпорация жыл сайын 300 миллион теңгеден аса қаражат құйып келетiнiн айта кету керек.

Корпорацияның айрықша iрi қайырымдылық жобасы Астана қаласындағы жетiм балаларға арналған 300 орындық кәсiптiк-техникалық лицейдiң құрылысын қаржыландыру болып табылады, бұған шамамен 4,3 млрд. теңге көлемiнде қаражат бөлiндi. Жаңа оқу орнының ауқымы 29 мың шаршы метрдi алып жатыр. Лицей қазiргi заманғы спорттық кешенмен, бассейнмен, нысана ату орнымен жарақтандырылған. Лицейдегi оқыту мерзiмi 2 жыл 9 айды құрайтын болады. Мұнда құрылыс, транспорт, металл өңдеу, қоғамдық тамақтандыру салалары бойынша қазiргi заманға сай қызметкерлер дайындалады. 2009 жылдың мамырында бұл құрылыс аяқталғаннан соң корпорация лицейдi Астана қаласына тарту етедi.

“Қазақмыс” корпорациясының әлеуметтiк бағытқа арнаған жобалары ұшан-теңiз. Оған осы игi шараларға ие болып отырған қарапайым халық куә екенi даусыз.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары