“ӘЙГЕРIМ-2” ЫҚШАМ АУДАНЫНДА ТАҒЫ ДА ШУ ШЫҚТЫ

“ӘЙГЕРIМ-2” ЫҚШАМ АУДАНЫНДА ТАҒЫ ДА ШУ ШЫҚТЫ

“ӘЙГЕРIМ-2” ЫҚШАМ АУДАНЫНДА ТАҒЫ ДА ШУ ШЫҚТЫ
ашық дереккөзі
341

“Әйгерiм-2” ықшам ауданындағы заңсыз сатылған және заңсыз салынған үйлердiң салдарынан онда әлi күнге дейiн электр жарығы тартылмаған едi. Жақында Алматының Алатау ауданының шешiмiмен онда жарық тартыла бастады. Алайда, толық емес. Жартылай.

“Әйгерiм-2” ауданының кейбiр көшелерiнде элекр тоғын жалғайтын сызықтарға арналған тiреулер тартылып жатса, екiншiлерiне оны жасауға тыйым салынған. Тұрғындардың сөзiне қарағанда, Алатау ауданы әкiмшiлiгiнде бұның себебiн бұндағы кейбiр тұрғын үйлер газ құбырына өте жақын салынған, сондықтан онда электр бағаналарын тұрғызуға болмайды деп түсiндiрген екен. “Электрокабель” ЖШС-iнiң жұмысшылары тұрғызған электр бағаналарды тұрғындар талап алып кеткен. Келесi күнi бағаналардың орнын сипап қалған электриктерден олар қалған көшелерге де жарық тартуын талап етiптi. “Әйтпесе, бағаналарды бермеймiз” деп сес көрсеткен.

Гүлнәр IЛИЯСҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары