КАНАДАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БIЛIМ КӨРМЕСI

КАНАДАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БIЛIМ КӨРМЕСI

КАНАДАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БIЛIМ КӨРМЕСI
ашық дереккөзі
381

Канадалық 14 жоғары оқу орнының өкiлдерi қатысатын халықаралық бiлiм көрмесiнде шет елде бiлiм алуға талпынған жастарға кеңiнен мағлұмат берiледi.

Канаданың Қазақстандағы елшiлiгi ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қолдауымен бiлiм көрмесiн ұйымдастырмақ. Алматыда (12 қазан), Астанада (14 қазан), Атырауда (16 қазан) өткiзiлетiн бiлiм көрмесiне қатысатын Канаданың 14 жоғары оқу орны — Ниагара колледжi (Niagara College), Брок университетi (Brock University), Куинз университетi (Queens University), Канаданың Халықаралық тiл академиясы (International Language Academy of Canada), Лореншиан университетi (Laurentian University), Томпсон Риверс университетi (Thompson Rivers University), Халықаралық Фрэйзер колледжi (Fraser International College), Виктория университетi (University of Victoria), Сенеки колледжi (Seneca College) Каплан Аспект (Kaplan Aspect) Колумбия колледжi (Columbia College), Ванкувер Айланд университетi (Vancouver Island University) Коламбия Интернешнл Колледжi (Columbia International College), Гелф университетiнiң (University of Guelph) өкiлдерi канадалық және халықаралық бiлiм мен ғылым саласына қатысты ынтымақтастықтың ерекшелiктерi туралы ақпараттар берудi мақсат тұтады.

Бүгiнде Канада жерiнде 200-ге жуық отандас бiлiм алуда. “Бiлiм алу шикiзаттық экономикадан бiлiм мен бiлiктiлiкке негiзделетiн экономикаға өтуге серпiн бередi” деп мәлiмдеген Канаданың Қазақстандағы төтенше және өкiлеттi елшiсi Маргарет Скок 2007 жылға арналған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зерттеуi нәтижесiнде, ұйымға мүше мемлекеттер арасында Канаданың ең бiлiктi мемлекет ретiнде танылғанын, сондай-ақ, шетелдiк студенттер үшiн қолайлы жағдайлар жасалғанын айтады.

Халықаралық стандарттарға сәйкестелген канадалық жоғары және орташа оқу орындары бакалавриат, магистратура, доктарантура, студенттер мен мұғалiмдердiң тәжiрибе алмасуы, мекемелердегi басқарушы қызметкерлердiң бiлiмiн жетiлдiру сияқты топтарға бөлiнген. Қазақстанда арнайы бiлiм көрмесiн ұйымдастыруға мүдделi 14 жоғары оқу орны 10 000 -ға жуық бiлiм бағдарламаларын ұсынбақшы. Бағдарламалардың көпшiлiгi зерттеу мен тәжiрибе жинақтауға басымдық бередi. Екi елдiң ынтымақтастығы мен мемлекет экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететiн бiлiктi маман даярлау мәселесiн шешуге бағытталған бiлiм көрмесi Алматыда сағат 11.00-де Хаят Редженси Алматы қонақүйiнде, Астанада сағат 12.30-да Окан-Интерконтиненталь қонақүйiнде, Атырауда сағат 13.00-де Ренессанс қонақүйiнде елшi Маргарет Скок ханымның қатысуымен, салтанатты түрде ашылады.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары