Ұлы тұлғаны ұлықтау

Ұлы тұлғаны ұлықтау

Ұлы тұлғаны ұлықтау
ашық дереккөзі

Өткен жылы ғана халқымыз ұлттың дара тұлғасы, аумалы-төкпелі ХХ ғасырда «Ғасыр саңлағы» атанған мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өткені баршаңызға белгілі.

Дана халқымыз қашанда ел үшін аянбай еңбек еткен тұлғаларын, данасын даралай білген. Соның жарқын бір мысалы, әр жыл сайын Дінмұхамед Ахметұлының дүниеге келген күні – 12 қаңтарда ұлы тұлғаны еске алу дәстүрге айналған. Осы игі дәстүрдің жалғасы ретінде 2013 жылдың 12 қаңтарында, сағат 12.00-де Д.А.Қонаевтың туғанына 101 жыл толуына орай Алматы әкімдігінің қолдауымен, Халықаралық Д.А.Қонаев қоры және Д.А.Қонаев мұражайының ұйымдастыруымен ұлы тұлғаны ұлықтау мақсатында әр түрлі салтанатты шаралар өткізіледі.

Салтанат рәсіміне оның қызметтес ізбасарлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, әдебиет және өнер қайраткерлері, Д.А.Қонаевтың туған-туыстары, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны:

Алматы қаласы, М. Төлебаев көшесі мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысы