СТУДЕНТТЕР ӨТКІЗГЕН ФЛЕШ-МОБ

СТУДЕНТТЕР ӨТКІЗГЕН ФЛЕШ-МОБ

СТУДЕНТТЕР  ӨТКІЗГЕН ФЛЕШ-МОБ
ашық дереккөзі

Кеше Астанадағы Қазақ аграрлық университетінде сағат 15:00-де осы оқу орнының студенттерінің қатысуымен флеш-моб өткізілді. Аталмыш іс-шара биыл алғаш рет атап өтілетін Бірінші Президент күні қарсаңында, сондай-ақ «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бес жылдығы аясында ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі тақырыбы тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында тұңғыш рет қабылданған «Қазақстан Рес­публикасы журналисінің этикалық кодексі» болып белгіленіп отыр. Сонымен бірге, аталмыш шараны өткізуге Қазақстанды жуырда өзінің әріптесі ретінде қабылдаған Халықаралық медиалық этика орталығы мүдделілік танытқан. Бұл орталықтың негізгі бас офисі АҚШ-та, ал өкілдіктері Лондон мен Брюссель қалаларында орналасқан.

Флеш-мобқа Қазақ аграрлық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев өзі басшылық жасады. Аталмыш іс-шара барысында университет студенттері Бас редакторлар клубы мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу шеңберінде Бас редакторлар клубымен әріптестік байланыс орната отырып, шеберлік сағаттарын және өзге де әдістемелік тұрғыдағы шараларды өткізіп отыру үшін «Жас түлек» шығармашылық бірлестігі мен «Бас редакторлар клубы» ҚБ арасында меморандумға қол қойылды.

Флеш-моб аясында «Бас редакторлар клубына – 5 жыл», «Клубу главных редакторов – 5 лет», «Сөз – құдіретті күш», «Сила великого Слова» деген ұран сөздер жазылған шар­ларды дайындап, әуеге жіберді. Бұл шараның тағы бір ерекшелігі – студенттер өздері дайындаған газет-көйлектерді, телеарналар киімдерін киіп шықты.

Майса ЖАҚСЫЛЫҚ